ganibet

Ардагерін ардақтаған аудан

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен бірге қоғам өмірінде жаңашыл леп есіп, соны серпіліс басталғаны анық. Бұл Елбасы ойтолғамының көпшіліктің мұрат-мүддесімен астасып жатқанынын айқын дәлелі. «Рухани жаңғырудың» жалпыхалықтық қолдау тауып, кең-байтақ Қазақстанның барлық елді мекенінде көрініс тауып, оң өзгерістерге ұласқаны қуантады. Сондай бір игілікті іс Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жүзеге асты. Аудан орталығына қарасты Діңгек ауылындағы Молодежный ...

Толығырақ »

Крупская кім болған?

Пролетариат көсемi Лениннiң серiгi, қызыл педагог Крупскаяның дүниеге келген күнiнен бастап талқаны таусылғанға дейiнгі өмірінің құпия сырлары әлі ашыла қойған жоқ. Халық ағарту iсiнiң сұр кардиналы Надежда Константинқызы Крупская 1869 жылы 26 ақпанда Петербург қаласында туған. Педагогика ғылымының докторы, КСРО Ғылым академиясының құрметтi мүшесi, демократиялық пиғылдағы офицердiң отбасында дүниеге келген Надежда Крупская Петербургтағы әйелдердiң жоғары курсын бiтiрiп, революциялық iстерге ерте ...

Толығырақ »

ҚОСТАНАЙ МЕН СВЕРДЛОВ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ АЛЫС-БЕРІСІ МЕН БАРЫС-КЕЛІСІ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Свердлов облысына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екатеринбургке атбасын тіреген Архимед Мұхамбетов Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевпен кездесіп, екі өңірдің экономикалық байланысын нығайту жолдарын талқылады. Қазақстандық делегация құрамында облыс әкімдігі мен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері болды. «Свердлов облысы біз үшін стратегиялық тұрғыда жақын әріптесіміз саналады. Екі ...

Толығырақ »

Даланың дарабозы – Құлан Кейкі мерген

  Өткенде «Qazaqstan” телерадиокорпорациясы Кейкі батыр жайлы телехикая түсіруді жоспарлап жатырғаны туралы ақпарат тараған болатын, әрине даланың дарабозы – Кейкі туралы қанша айтсақ та, жазсақ та артық болмайды. Осы ретте, Кейкі батыр туралы мына мақаланы назарларыңызға ұсынамын. Кейкінің руы Құлан, Қыпшақ заты Асынған найза, қылыш, белде сапы. Жеткізбес жер басқанда құстан басқа Астында Әбділдәнің Шұбар аты. (ел аузынан) 1-сурет. Кейкі батыр, ...

Толығырақ »

Торғайдағы ашаршылық туралы

Жалпы, 1920 немесе 1930 жылдардағы ашаршылық қазақ даласының барлық аймағын қамтығаны мәлім. Десек те, кейбір деректерге қарап отырып, мынадай жағдайды айта кетейік. Әрбір 12 жыл сайын қазақ даласында ашаршылық болып отырған екен. Бір жақсы жері, ол ашаршылықтарда халық жылу жинап, аштарға жәрдем беріп, тез көтеріліп отырған. Мысалы, қазақ даласында қоян жылдары жұт күшті болып, Ақ қоян жылы, Көк қоян жылы ...

Толығырақ »

Соғыстан қайтқан солдаттар…

22 маусым – адамзат тарихына миллиондаған адамдардың өмірін қиған сұрапыл соғыстың басталған күні ретінде қара таңбамен жазылып қалғанына да 77 жыл уақыт өтті. Адамзатқа қарсы жасалған қан-қасапқа қарсы тұрып, төрт жылға созылған соғыста қолынан қаруын тастамай, жеңіске жету жолында жан аямаған сарбаздардың алдыңғы қатарында қазақ қаламгерлері де болды. Солардың бірі – соғыста ел қорғаған, соғыстан кейін қолына қалам алып, бейбіт ...

Толығырақ »

Қостанайда егін шығымдылығы жарты ғасырдан бері өспеген

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. Өйткені жаңа алымды тұқым сепкіш пен комбайн, жер өңдеу құралы бұрынғы бірнеше техниканың орнын алмастыра алады. Міне, осының есебінен жұмсалатын шығын көлемі қысқарып, бұл еңбектің өнімділігінің өсуіне ықпал етуде. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жаңа техникалар еңбектің өнімділігін өсіргенімен, астық егістіктерінің шығымдылығын арттыруға әсер ...

Толығырақ »

Алашорданың табаны – Торғай…

Уақытша үкі­мет­­­тің басқару органы «Уч­ре­дительное собрание» («Ко­муч»)  мүшелерімен кездесу­ге­ Алашорда атынан 1918 жыл­дың шілде айында Семейден Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермеков, Түркістаннан М.Шоқай, Батыс­тан У.Танашев төртеуі Самарада бас қосады. Бұлар «Комичпен» келіссөз жүргізді. Нәтижесінде, 20 қыркүйекте Уфада Уақытша үкімет жанынан Алашорда Ке­ңесі ашылды. – Әнес Төлендіұлы, сізді көзіқа­рақты қауым алаш тақы­ры­бында айтары бар тұлға деп біле­ді. Сұрайын де­генім –  Алаш­орда ық­палы қазақ ...

Толығырақ »

Иманжүсіп Құтпанұлы туралы

Әңгімені әріден бастасам… Өткен жылы әкем 90 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді, заманында оқуы көп болмаса да тоқуы көп адам болатын. Уақытында кеңес шаруашылығында қызмет еткеннен соң зейнеткерлікке шыққан, кейін ел, жер, ұрпақ сабақтастығы тақырыбында бірнеше кітап жазып кеткен еді. Сол кітаптарының бірінде қазақтан шыққан сері, өзі ақын әрі батыр Иманжүсіп Құтпанұлы туралы материал да бар еді. Мен оның ...

Толығырақ »

Қайран, Қарабалық

Байтұрсын Ілиясовтың «Көкеңнің көзі еді» мақаласын оқыған соң. Бұл мақала менің ми түкпірімде қашаннан бері қалып жатқан ойларымды оятып жіберді де, қолыма түтқиылдан қалам алдырды. Бетінді астанаға бұрып тұрып, қайрылып Қазақстан картасына көз жіберсең, ту сыртыңда, иық тұсыңда басын Ресейге тіреп, бар денесі солтүстіктен оңтүстікке ендеп, бойлап кіріп жатқан Қостанай өлкесін көресің. Революцияға дейінгі дәуірде сол өлкенің оң жақ жарты ...

Толығырақ »