Арғы атамыз Ебелек батыр батырлығымен қоса аңқаулау кісі болыпты. Марқұмның сөзге ергіштігі жанда жоқ екен. «Аттан» десе арқасы қозып, айқұлақтанып шыға келетін ақкөз батыр — ажалды да албырт мінезінен тауыпты. Жаздың қоңыр кешінде жайлауға жыршылар келіп, «Қобыланды батырды» тыңдап отырмай ма, жыр айтушы Қобыландының «қырық үш күндік» кемшілігіне қарамай тайбурылды мініп, Қараманды қуатын жеріне келгенде, жарықтық аруағы қозып, орнынан «Аттан!» ...
Толығырақ »ganibet
Қостанайда тұман болады
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары. Синоптиктердің ақпары бойынша, Алматы, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Ал Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда көктайғақ болады. tobyl-torgai.kz
Толығырақ »Қостанайда ескі көліктерді қабылдау жалғасып жатыр
Тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру бағдарламасына қостанайлықтар белсенді қатысып жатыр. Жобаның алғашқы кезеңінде облыс бойынша 500 дана көлік қабылдау жоспарланса, бұл меже 37% артығымен орындалған. Ескірген техникасын тапсырушылар легі әлі де толастар емес. Александр Свиридецкий «ескі көлікті қабылдайды» деп естігенде, алғашында күмәнмен қарапты. Кейін көзі анық жеткесін бірден бағдарламаға қатысуға асығыпты. Сыралғы көлігін соңғы рет мініп, бүгін ол осында ...
Толығырақ »Жолаушыларын «жасыл дәріге» «шомылдырып» жүрген жүргізуші ұсталды
Қостанайда жолақысын төлемегендердің бетін сұйық жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісін полиция ұстады. Қостанай облыстық ІІД жүргізушінің ұсталғандығын растады. «Такси жүргізушісінің үстінен бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол айыбын мойындап, жауап берді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина. Еске сала кетсек, 10 ақпанда такси жүргізушісі болып істейтін ер адам Катя ...
Толығырақ »Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер 2017 жылдың 11-13 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Қазгидромет» РМК өкілдерінің айтуларынша, Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан арктикалық ауа массалары келе бастады. Сондықтан демалыс күндері республиканың шығыс және оңтүстік аймақтарынан басқа, көптеген облысында ауа райы суық болады деп күтіледі. Сондай-ақ синоптиктер шығыста сенбі күні қар жауып, боран соғып, екпінді соққан жел сақталатынын айтады. Ал ...
Толығырақ »Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды
Азаматтардың ұсынысынан кейін Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 10 қаңтарда Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бүкілхалықтық талқылаудың аралық қорытындысы талқыланды. «Қазақстан азаматтары Мемлекет басшысының бүкілхалықтық ...
Толығырақ »Елбасы Ақордада кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселелері туралы жиын өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Шараға Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ, еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты. Жиында Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды. ...
Толығырақ »Қостанайда полицейдің бетін тырнаған әйелге сот үкімі шықты
Полицейдің бетін тырнаған қостанайлық тұрғынға екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қостанай қалалық №2 соты қылмыстық істе 32 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі («Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану ...
Толығырақ »Таранды қашанғы «тайраңдатып» қоямыз?!
Өзі туып-өскен ауданға Бейімбет Майлиннің есімін беруіміз қажет! Қазақ әдебиетінде өзінің орнын ойып алған ірі тұлға Бейімбет Майлинді қазаққа таныстырып жатудың өзі де артық-ау. Өткен ғасырдың сонау 1930-жылдарынан бастап әдебиет есігін имене ашқан қаламгерлердің барлығы да алдымен Би-ағаның шекпенінен шықты. Оның шығармалары өткен ғасырдың ортасына дейін жазылса да, бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Шығармалары арқылы Би-ағаның өзі де бүгінгі кем-кетігімізге ...
Толығырақ »«Көк кит» ойыны Қостанайға да жеткен бе?!
Қостанайда екі бала өлім ойындарының әсерінен өз-өздерін өлтірмек болған. Бұл мәліметті «Алау» басылымына Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов растады. «Қазіргі уақытта Instagram мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінің қолданушылары арасында адам өміріне зиян келтіретін және өлімге әкелетін ойындар кеңінен таралып жатыр. Қостанайдағы екі мектеп оқушысы Интернеттегі өлім ойындарының әсерінен өзін-өзі өлтірмек болды. Олар — 2003 жылғы балалар. Жасөспірімдердің бұл әрекетіне тосқауыл ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz