ganibet

Қола ғасырда жасалған коньки Қостанай маңынан табылған

Британ мұражайында бұдан 2000 жыл бұрын жасалған коньки сақтаулы тұрғанын білеміз. Ал 1948 жылы Қостанай қаласының маңайында біздің дәуірімізге дейінгі қола ғасырда жасалған алты жұп коньки табылған. Олар жылқы сүйегінен, анықтап айтсақ, жылқының сирағынан жасалған екен. Ал оны аяққа байлайтын кәдімгі қайыс жылқы терісінен жасалған. Тарих ғылымының кандидаты А.Хазанов мұндай конькилердi жасауға жылқының тiлерсек сүйегi алынған деген пiкiр айтыпты. ХIII ...

Толығырақ »

Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдеме оқылды

ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдеме оқыды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 23 қаңтарда шамамен сағат 14.00-де басталған келіссөздер 24 қаңтарда түстен кейінгі уақытта аяқталды. Ресей, Иран және Түркия өкілдері дайындаған қорытынды құжаттың мәтінін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов оқыды. «Оқ атуды толықтай тоқтатуды, арандатудың жоқтығын және барлық тиісті мәселелерді қадағалайтын үшжақты механизм жасау туралы ...

Толығырақ »

Өскемендік ата-аналар да ағылшын тілін оқиды

Өскемен қаласының мектептерінде ағылшын тілін білмейтін ата-аналарға тіл үйрету курстары ашылды. Алғаш рет қолға алынған шара арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жазды. Министрліктің мәліметінше, ата-аналардың 56 пайызы үй жұмысын орындау кезінде баласына көмек көрсете алмайды екен. Осыдан кейін ұстаздар тарапынан түскен ұсынысты көбі қолдаған. Сабақ тегін, аптасына ...

Толығырақ »

Н.Назарбаев биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездесті. Бұл туралы Tengrinews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Мемлекет басшысы отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өтті. «Мен ұсынған бес институционалдық реформаның бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. ...

Толығырақ »

Ертең Астананың бірнеше көшесі жабылады

Универсиада-2017 қарсаңында елорда көшелерімен алау эстафетасы өтеді деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Алау эстафетасы 25 қаңтар күні, яғни, ертең сағат 11:00-де Назарбаев Университетінен басталып, қала әкімдігінің маңындағы алаңда аяқталады. Алауды белсенді студенттер мен астаналық спортшылар, барлығы 60 адам алып өтпек. Эстафета 2 кезеңге бөлінген. Ол Қабанбай батыр даңғылы — Достық көшесі — Қонаев көшесі — Бараев көшесі — Республика даңғылы- ...

Толығырақ »

Бұл рейдтер «уақытша тіркеуге» қатысты емес

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Сайынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. «Тұрғылықты мекен жай бойынша арнайы тексерістер жүргізілмейді. Бұл тексеріс Алматыда Универсиаданы өткізуге дайындыққа қатысты жедел алдын алу іс-шаралар аясында ғана жүргізілді. Бұл шара тіркеуге байланысты емес» деді ол. Оның айтуынша, Универсиаданы жүргізу халықаралық маңызы бар іс-шара және жалпы әлемдік тәжірибе. «Басқа ...

Толығырақ »

Қостанайда келіншекті ұрып-соққан полицейлер сотталды

Қостанай облысында адамды азаптауға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы alau.kz хабарлады. «Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро департаменті Рудный аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі Қарабалық аудандық ІІБ басшысының бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады» деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов. Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотқа дейінгі ...

Толығырақ »

Меңдіқарада әйелдерді зорламақ болған ер адам ұсталды

  Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомайское ауылында сенбіде екі әйелді және 14 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды. «Наш Костанай» басылымының мәліметінше, ол көшедегі жүрген қыздарға тиіскен. Бастапқыда зардап шеккендердің барлығы кәмелетке толмағандар деп хабарланған болатын, алайда, Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті жоққа шығарды. «Зардап шеккендердің ішінде кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз бар. Қалғандары 1963 және 1983 жылғы әйелдер. Қазіргі ...

Толығырақ »

Қостанайда жаңа үлгідегі 10 мың көлік шығарылады

Биыл Қостанайдың көлік өнеркәсібі жаңа үлгідегі  10 мың көлік шығаруды көздеп отыр. Кең ауқымды бұл жоба қытай және өзбек инвесторларымен ынтымақтастықтың арқасында жүзеге аспақшы деп хабарлайды alau.kz. Былтыр Қостанай облысында жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі артқан.  2016 жылы алғаш рет 12 электромобиль құрастырылды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, биыл электрмен жүретін көліктер топ-тобымен шығарыла бастайды. «СарыарқаАвтопром» ЖШС бірлесе автобус шығару жұмысын бастады. ...

Толығырақ »

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ұжымына («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) жаңа басшыны таныстырды. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Банктің басшылығына Директорлар кеңесінің мүшесі, 2016 жылдың 3 ақпанынан бастап «Бәйтерек» Холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды. Жаңа басшыны таныстыра отырып, Ерболат ...

Толығырақ »