Ұлттық банк өткен жылдың инфляция деңгейін жариялады

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев 2016 жылдың қорытындысында жылдық инфляция 8,5 пайыздық деңгейде қалыптасқанын жария етті. Ол бұл жайында бүгін ҚР Ұлттық банкі жанындағы ақша-несие саясаты жөніндегі техникалық комитеттің қорытынды отырысында мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰБ басшысының айтуынша, жаз айларында инфляция 17 пайыздан жоғары деңгейде болды. Ал небәрі 4 айдың ішінде оның 2 есеге төмендеуі Ұлттық банк жүргізіп отырған саясаттың дұрыс екендігінің көрсеткіші саналады.

Ақышевтың атап өтуінше, өзге орталық банктерге инфляцияны мұндай айтарлықтай төмендету үшін ұзақ уақыт қажет болар еді. Салыстыру үшін Ресей еркін бағам режіміне көшкеннен кейін инфляция деңгейін 10 айдың (2015 жылдың наурызы – 2016 жылдың қаңтары) ішінде 16,9 пайызға дейін ғана төмендете алды. Әзербайжанда 2015 жылдың желтоқсанындағы девальвациядан кейін инфляция біржақты мәнге дейін төмендеген жоқ. Ал соңғы айларда өсім (2016 жылдың желтоқсанында 15,7 пайыз) көрсетіп отыр.

Айта кетейік, биыл Қазақстандағы инфляцияның мақсатты дәлізі 6-8 пайыз деңгейінде белгіленген. ҚР Ұлттық банкі бағалауында таяу 1-2 айдың ішінде инфляция аталған дәліз шегінде болады және 2017 жыл бойы экономикаға тосын кері әсер болмаған жағдайда сақталады.

inform.kz

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *