ganibet

Қостанайда 2500-ден аса адам уақытша мекен жайға тіркеліп үлгерді

Қостанай қалалық ХҚКО-да кезекте тұрған адам саны алғашқы күндердегідей емес, саябырсыған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Орталықтағы көші-қон бөлімі қызметкерлерінің айтуы бойынша, бүгінге дейін облыста 2500-ден астам адам уақытша мекен жайға тіркеліп үлгерген. Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары келушілердің уақытын үнемдеу мақсатында e-gov арқылы, яғни, уақытша мекен жайға онлайн-тіркелу мүмкіндігінің қарастырылып жатқандығын және оның жақын уақытта жүзеге асатындығын айтты. Халыққа ыңғайлы ...

Толығырақ »

Ұрылар жалдамалы пәтерлерде жасырынады

ІІМ 2016 жылы жалдамалы пәтерлерде тұрып, мүлікті тонаумен айналысқан басқа қалалық «гастролер-ұрыларды» ұстау мақсатында өткізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларға сараптама жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 2016 жылы республикадағы полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлер мен қонақ үйлерде тұрып, мүлікті қолды етуге қатысты 830 қылмыс жасаған 497 «гастролер-ұрыны» ұстады. Ақмола облысының 54 жастағы тұрғынының Астанада тұрып, 5 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ...

Толығырақ »

Әлемдегі 70-ке жуық көше қазақша аталады

Шетелде қазақша аталған көшелер көп екен. Мысалы, сіз Татарстанда, Чешенстанда, Иорданияда және Түркияда еліміздің Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталған көшелер бар екенін білесіз бе? ҚР СІМ мәліметінше, әлемде осындай 70 көше бар деп хабарлайды BNews.kz. Көрші Ресейдің 14 қаласында көшелерге Қазақстан қалаларының атаулары мен біздің әйгілі қайраткерлердің есімдері берілген. Саратовта Ақтөбе даңғылы, Ақтөбе жолы бар. Түменде Қарағанды және Қазақстан ...

Толығырақ »

Қазақстан Әнұранына — 11 жыл

Бүгін мемлекетіміздің Гимніне 11 жыл толды. Еске сала кетсек, 2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні еліміздің мемлекеттік Әнұраны ретінде шырқалған болатын. Нұрсұлтан |Назарбаевтың «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты қабылдау рәсімінде айтылды. Бұл туралы  Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасы хабарлады. Еліміздің Әнұраны туралы мына сілтемеден толық біле аласыздар: http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem tobyl-torgai.kz      

Толығырақ »

1-сынып оқушылары ақпанда қосымша демалады

2016-2017 жылдарға арналған оқу жылында Қазақстанның 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн ...

Толығырақ »

Отандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты

Отандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанда шығарылған алғашқы вакцинаны Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҒЗИ бас директорының орынбасары Берік Харуллин ойлап тапты. «Үш валентті сплит-вакцинаны клиникалыық зерттеудің бірінші фазасы аяқталды. Бүгінде Қазақстан жыл сайын препаратты шетелден сатып алуға мәжбүр, бірақ жаңадан жасалған отандық аналог шетелдік препараттардан ...

Толығырақ »

Джейкобс Головкиннің басымдықтары жайлы айтты

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегіне қандай жоспар құрып отырғанын айтты. Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады. «Головкинмен жекпе-жек — спорттағы мансабымның шыңы. Атынан ат үркетін адамның қарсыласым болғанына қуаныштымын. Мен ешқашан оңай жолды таңдамағанмын, таңдағым да келмейді. Жұрт өмірін оңайлатуды сұрап, жалбарынса, мен қиын кедергілерден өтуге күш-жігер сұраймын. Головкинге дәл соққы жасау ...

Толығырақ »

Алматылық оқушылардың көктемгі каникулы не үшін өзгерді?

Алматыдағы мектеп оқушыларының Универсиаданы тамашалауға мүмкіндігі болады. Оларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланды хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Алматыда өтетін Дүниежүзілік Универсиадаға санаулы күндер қалып отыр, оңтүстік астана жылдың ең ірі оқиғасына жіті дайындық үстінде. Бұл білім беру саласына да қатысты, Универсиаданы өткізуге байланысты Алматы қалалық мектептерінде оқитындарға 30 қаңтар мен 8 ...

Толығырақ »

Астананың ауа райы жылынып келеді

Астанада қыс мезгілінде қардың ең көп түсуі 1928 жылы байқалса, ең қарлы ай ретінде 1930 жылдың ақпан айы саналады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. «Қардың түсуі туралы айтатын болсақ, ол өзгеріссіз қалған. Бұрқасынның мөлшері де азайып келеді. Бұл жерде жыл өткен сайын атмосфералық құбылыстар жиілігінің өзгерісі байқалып келетіндігін атап өту керек» деді «Қазгидромет» РМК климаттық зерттеулер басқармасының басшысы Светлана Долгих. Қар ...

Толығырақ »

Тіркеуді тоқтата тұрып, Қоғамдық комиссия құрсақ қайтеді?!

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қоғамда наразылық тудырған уақытша тіркеу мәселесіне қатысты пікірін білдіріп, ұсыныс жасады. Ол тіркеуді тоқтата тұрып, жан-жақты талқылау үшін Қоғамдық комиссия құруды ұсынған екен деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Кінәлілерді аты-жөнімен атағаны дұрыс болған екен. Әйтпесе, ІІМ жауапкершілікті Үкіметке артып үйреніп қалған. Олардың өз шешімдерінің салдарын болжай алмайтындығы ғана көрініп қалған жоқ. Бұл ведомствоның ...

Толығырақ »