ganibet

Қостанайлық жасөспірімдер жарылғыш заттан жарақат алды

Қостанайда 14 қаңтар күні 10 және 13 жастағы жеткіншектер петардаға ұқсас жарылғыш заттан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бір жасөспірімнің саусақтары жұлынып кеткен. Бұл туралы Alau.kz Қостанай облыстық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды. «Полицейлер жеткіншектердің белгісіз заттан жарақат алу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында сыртқы пішіні петардаға ұқсас затқа сараптама жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталады» деп хабарлайды Қостанай облыстық ...

Толығырақ »

Алдағы күндері аяз болады

Синоптиктер 2017 жылғы 17-19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Мамандардың болжамына қарағанда, антициклон ауа райына ықпал етеді. «Қазақстанға қарай ығысқан антициклон алдағы тәуліктерде өз ықпалын әлі сақтайды. Республиканың көптеген облысында жауын-шашынсыз бір қалыпты аяз күтілуде, кей жерлерде ауа температурасы шамамен нормадан 1-2 градус төмен болады деп болжанады» делінген хабарламада. Алайда, ...

Толығырақ »

Ұлттық банк депозитті бірнеше банкте сақтауға кеңес береді

Қазақстанның депозитті кепілдендіру қоры (ҚДКҚ) егер азаматтардың депозиті кепілдендіру көлемінен асатын болса, қаржыны бірнеше банкке бөліп сақтауды кеңес етеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, кепілдендірудің ең жоғары шегі теңгемен 10 млн-ға дейін болса, шет елдік валютамен 5 млн теңгеге дейін. «Айта кету керек, қордың жұмыс істегелі уақыттан бері кепілдендіру көлемі 400 мыңнан 10 млн теңгеге дейін артқан» деді ...

Толығырақ »

БҒМ білім берудің заманауи технологиялары бойынша семинар өткізді

Қарағанды облысы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ   мұғалімдері мен Ақтоғай ауданының 23 мектебінен қатысқан қонақтарға арналған білім берудің заманауи технологиялары бойынша екі күндік семинар өткізілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай кездесуді өткізудің басты мақсаты — педагогтарды бүгінгі білім беруде пайдаланылатын  интернет-сервистермен таныстыру:  Google-дің барлық тиімді құралдары: Google ...

Толығырақ »

Астанаға кіруді ақылы ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ

Астанаға кіру ақылы болатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Ақылы кіру бұл қабылданған шешім емес, көлік басқармасының ұсынысы, мәселе әлі талқыланып жатыр. Мұндай ереже қашан енетіні және жалпы, енгізіле ме, жоқ па, әлі шешілген жоқ. Сондықтан бағасы туралы сөз қозғау да қиын» деп жазыпты Жұмабайұлы Facebook желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, ...

Толығырақ »

«Өр Торғай — ерлік мекені» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада әріптесіміз — ақын, журналист Абылай Маудановтың «Өр Торғай — ерлік мекені» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Кітап «Өр Торғай — ерлік мекені» атты экспедицияның жүріп өткен жолын, өңірдегі тарихи ескерткіштер жайлы құнды деректерді, осы барыстағы экспедицияның атқарған істерін арқау еткен. «Қазақтың өр рухты өлкесінің бірі — Торғай даласы. Осы қасиетті мекенде ел ...

Толығырақ »

Н.Назарбаев БАӘ бизнесмендерінің қандай тәжірибесі қызықтыратынын айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ бизнесмендерінен қандай тәжірибе алуды көздейтінін айтты  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бұл туралы ол Біріккен Араб Әмірліктерінің іскер топтар өкілдерімен кездесу кезінде айтты. «Бізді Біріккен Араб Әмірліктерінің индустриялық аймақтар жұмысы жөніндегі тәжірибесі қызықтырады. Біз осындай аймақтарды әмірліктер компанияларының басқаруына беруге дайынбыз» деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 10 арнайы экономикалық және 20 индустриялық ...

Толығырақ »

Ерлан Сағадиев ғалымдарға сыйлықтар табыстады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жеті ғалымға ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар табыстады. Салтанатты шара барысында Ратбай Мырзақұлов, Майнұр Бөрібаева, Гүлнас Ахметова, Күләш Нұрымжанова, Максим Здоровец, Ольга Андрющенко және Нұркен Күзембаев қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Баршаңызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ...

Толығырақ »

Билік тармақтарының өкілеттіктерін бөлу жөніндегі жұмыс тобының құрамы анықталды

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жұмыс тобы мүшелері ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу барысында жинақталған отандық және шетелдік тәжірибе, қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдану практикасы зерделеніп, талдау жасалады. Жұмыс тобының қызметіне ...

Толығырақ »

Биылғы жол ережесі айыппұлдарының құны қанша?

2017 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өсуіне байланысты (1 АЕК – 2 269 теңге) жол-көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де көтерілген деп жазады turkystan.kz. Атап айтқанда: – Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғандар – 22 690 теңге, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарылатқандар – 34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге; – Өткінші жолақ, бұрылыста, ...

Толығырақ »