Тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен басқасына көшкен уақытта да өту керек. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Таяуда елімізде тұрғылықты жерде тіркеуді міндеттейтін түзетулері бар заң күшіне енген болатын. Осыған байланысты бірқатар сұрақ туындады. Түзетулердің бір бөлігі пәтер иесін тұрып жатқан адамдарды онда тіркеуге міндеттейді, егер тіркемесе, әкімшілік айыппұл салынады. ...
Толығырақ »ganibet
Елімізде электронды үй кітапшасы енгізіледі
Қазіргі уақытта бірде-бір мемлекеттік орган тұрғын үйге қанша адамның тіркелгендігі туралы ақпаратты нақты бере алмайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. Бұл олқылықтың орын алғанына бірнеше жыл болған. Тек қазіргі уақытта уақытша тіркеуге тұру міндетті болғаннан кейін ғана бұл проблема көтеріліп отыр. Мәселен, бүгінде Астана тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы бір-бірінен пәтерге қанша адам тіркелгендігін анықтау үшін қайда жүгіну қажеттігін ...
Толығырақ »ҚР Үкіметі жанындағы терминком 4642 терминді бекітті
Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы 2015-2016 жылдары 4642 терминді бекітті. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады. Ведомство ақпаратына қарағанда, комиссия бекіткен терминдер Googletrаnslate, Soyle.kz сынды электронды аударма қызметтері мен электронды сөздіктерге беріледі. Сондай-ақ бекітілген барлық терминдер termincom.kz сайтында және баспа БАҚ-тарда жарияланып, жұмыс барысында пайдалану үшін мемлекеттік органдарға жіберіледі. Айта кетерлігі, Республикалық терминология ...
Толығырақ »Сейіт Кенжеахметовтің құрметіне ескерткіш тақта ілінді
Қостанайда белгілі сатирик жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметов тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді. Оған Қостанай қаласындағы зиялы қауым өкілдері, қала басшылары және Сейіт Кенжеахметовтің қаламдастары мен балалары, туған-туыстары келді. Тақтаның ашылу салтанатында Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожина, жазушы Ғұмар Ахметчин, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы, жазушының қызы Зәмзәгүл Кенжеахметова сөз сөйлеп, Сейіт ағаны еске алды, оның шығармашылығын жоғары бағалады. Балалары ...
Толығырақ »Қостанайда жолақы қымбаттай ма?!
Жолаушылар тасымалымен айналысатын қостанайлық компаниялардың басшылары өз тарифтерін көтеру туралы өтініш білдірді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай қалалық әкімдігіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Облыс орталығы әкімдігінің бас инспекторы Самат Жанділдин бұл ақпаратты растады. Жанділдиннің мәлімдеуінше, тасымалдаушылар автобуспен жүру құнын қалаішілік маршруттарда 10-20 теңгеге көтермекші. «Тасымалдаушылардың айтуынша, қазіргі 60 теңгелік тариф автопарктің шығындарын өтемейді және дамуына мүмкіндік бермейді, — деп ...
Толығырақ »Жолаушылар автобусы қарияны қағып кетті
Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі зейнеткер әжейді қағып кетіп, салдарынан жарақат алған зейнеткер бақилық болды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Полицияның айтуынша, зейнеткердің жолда жүру ережесін бұзуы жол-көлік апатының себебі болған — ол бағдаршамда қызыл түс жанып тұрғанда өткен. Оқиға фактісі ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. «Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ...
Толығырақ »Қазақстанға келуге қызығатындар көп
Америкалық The New York Times басылымы 2017 жылы баруға кеңес беретін әлемнің 52 мемлекетін анықтады. Рейтингте 26-орынға тұрақтаған Қазақстан да бар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы — «Болашақ энергиясы». Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Сондай-ақ рейтинг авторы Тянь-Шань тауларын да атап өтті. Ал рейтингтегі келесі ...
Толығырақ »Араб елін 130 жылдай басқарған қыпшақтар. Олар кімдер?
Қыпшақ даласында кіндігі кесіліп, қысыл-таяң кезеңде құлдыққа сатылып, кейін Мысырды басқарған Сұлтан Бейбарысты білмейтін адам кем де кем. Бірақ Араб сахарасында әмірін жүргізген қыпшақтар Бейбарыспен шектелмейді. Одан кейін билікке Хасан, Қалауын, Қайтпай секілді сұлтандар келді. Бұл туралы Хабар24 хабарлады. Мәселен, 1348-1361 жылдары тақта отырған Сұлтан Хасанға арналып салынған мешіт әрі медресе. Сәулеті таңдай қақтырады. Бүгінде Каирге келген қай қонақ болмасын ...
Толығырақ »Қостанайда Жаңа жылдың бірінші күнінде 17 бала дүние есігін ашты
Жаңажылдық демалыс күндері Қостанай перинаталдық орталығының дәрігерлері мен акушерлеріне оңай соқпады. Мамандар өткен жылдың 31 желтоқсанында 9 баланы (5 қыз, 4 ұл) дүниеге алып келді деп хабарлайды «Алау». «2017 жылдың 1 қаңтарында 17 бала дүниеге келді. Оның 11-і ұл, 6-уы қыз. Жаңа жыл түні ең бірінші болып 00.20-да қыз бала дүниеге келді», — деді Қостанай перинаталдық орталығының мамандары. Орталықтың мамандары ...
Толығырақ »Қостанай ескі көліктерді қабылдауда 2-орында
Ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өндірушілердің кеңейтілген міндеттерінің операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз мәліметінше, «ӨКМ Операторы» ЖШС ескі көлік құралдарын өткізуді ынталандыру бағдарламасын 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанның 17 қаласында толығымен іске қосады. «2017 жылдың 4-15 қаңтар аралығында көне көліктерді бағалау және қабылдауды жетілдіру жұмыстары ...
Толығырақ »