ganibet

«Дарын» сыйлығы енді жыл сайын беріле ме?..

Үкіметтің бүгінгі отырысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын жыл сайын беруді ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бізде екі жылда бір рет «Дарын» сыйлығы беріліп тұрады. Оны жылда тағайындауды ұсынамыз. Осының арқасында дарынды жастардың мүмкіндіктерін барынша кеңейтіп, ғылыми-шығармашылық ынтасын күшейтуге болады» деді Н.Ермекбаев. Сондай-ақ министр барлық мектептерде бір уақытта «Отбасы сағатын» өткізіп, отбасы құндылықтарын ...

Толығырақ »

8 мыңға жуық мектепте кәсіптік бағдарлау кабинеттері ашылады

Еліміздегі 8 мыңға жуық мектепте жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына кәсіптік бағдарлау кабинеттері ашылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, биылғы жылы жүзеге асырылатын кәсіптік бағдарлау жұмысы жастарды мемлекеттік қолдаудағы маңызды мәселелердің бірі болмақ. «Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен 8 мыңға жуық ...

Толығырақ »

Биылғы білім гранттарының саны 10 мыңға артады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура мен докторантураға қосымша 10 мың грант бөлінеді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Еліміздегі демографиялық жағдайға қарағанда, алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Осыған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың саны республикалық бюджеттің есебінен 10 мың орынға артатын болады. Бұдан бөлек, жергілікті ...

Толығырақ »

Қытай бизнесмендері қазақ жерін жаулап алмайды

китай Бұл туралы «Ұлы Жібек жолында бірге» байқауының жеңімпаздарын марапаттау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қытай бизнесмендері жерді жаулап алуға мүдделілік танытпайды. Олар бұл жерде қазақстандық серіктестерімен бірлесе жұмыс істеуде» деді елші. Осы ретте Қытай елшісі жер телімдерін беру мәселесін қазақстандық тарап өзі шешуі қажеттігін баса айтты. ...

Толығырақ »

Қытайлар қысқы Универсиадаға спортшыларын қаптатады

Қытай Халық Республикасы Алматыда өтетін ХХVIII Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға тұңғыш рет спортшылардың ең көп санын жібереді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытай құрамасына 119 спортшы студент кіріп отыр, олар ойындар барысында  қысқы спорттың 12 түрі бойынша медальдарды сарапқа салады.  2017 жылдың 5 қаңтарында ҚХР-дің Харбиндегі Спорт университетінде Алматыдағы Универсиадаға қатысатын спортшылардың есімдері жарияланды. Олар — Қытайдың 7 провинциясы, автономдық аймағы мен муниципалитетінде ...

Толығырақ »

Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша тұрады?

2017 жылы 18 наурызда Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекті барып көру құны бір қазақстандық үшін қанша тұратыны белгілі болды деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр — 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан ...

Толығырақ »

Еуроға салым инвестициялаудың тиімсіз тәсілі ме?

Еуроға салым инвестициялаудың неғұрлым тиімсіз екені айтылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ағымдағы жағдайда шетел валютасына деген халықтың сақталып отырған сұранысы айтарлықтай шығындарға әкелу тәуекеліне ұшырайтынын айтқан Д.Ақышев теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 2016 жыл бойы құбылмалы болды және оның ауытқуы 328-ден 384-ке дейінгі шекте болатынын ...

Толығырақ »

Жалаңаш қыздар көрмені жарнамалап жүр екен…

  Астанадағы «Хан Шатыр» сауда орталығында іш киіммен жүрген қыздар француз фотосуретшісі ұйымдастырып отырған көрмені жарнамалап жүрген болып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Гипер Астана» көрмесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл анонс француз фотосуретшісінің алда өтетін бірегей көрмесіне арналған. «Мұндай шараны өткізіп отырған агенттіктің мақсаты — көрмені жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрінің бірегей екенін көрсету. Кейбіреулер сынға ...

Толығырақ »

ҰҚК террористік ұйымды қаржыландыруға талпынғандардың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік ұйымды қаржыландыруға талпынғандардың жолын кесті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 33 адам ұсталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының қатысы бар топтарды жоюға бағытталған арнайы операция туралы айтып берді. Операция барысында ұсталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының мүшелерінен тінту кезінде 15 мың доллардан аса қаражат табылып, тәркіленді. Бұл қаржының қайдан жеткізілгенін және неге бағытталуы керек болғаны жүргізіліп жатқан ...

Толығырақ »

БЖЗҚ басқарма төрағасының адвокаты істің мән-жайын айтып берді

БЖЗҚ ісі бойынша фигуранттардың адвокаты ұсталғандардың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БЖЗҚ төрағасы Руслан Ерденаев пен БЖЗҚ басқарма төрағасы Мұса Бахтовтың адвокаты Александр Блох олардың ешқандай да кінәсі жоқ екенін айтып отыр.»Азаматтық-құқықтық келісімшарт жасалды. Мұның заңды немесе заңсыз екенін тек сот шеше алады. Бұл қылмыстық қудалау органдарындағы қызметкерлердің өкілеттігінде емес. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына келісімшарттың жарамсыздығын ...

Толығырақ »