Джейкобс Головкиннің басымдықтары жайлы айтты

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегіне қандай жоспар құрып отырғанын айтты. Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

«Головкинмен жекпе-жек — спорттағы мансабымның шыңы. Атынан ат үркетін адамның қарсыласым болғанына қуаныштымын. Мен ешқашан оңай жолды таңдамағанмын, таңдағым да келмейді. Жұрт өмірін оңайлатуды сұрап, жалбарынса, мен қиын кедергілерден өтуге күш-жігер сұраймын. Головкинге дәл соққы жасау қиын емес, бірақ ол қарсыласына сытылып кетуге мүмкіндік бермейді. Оның үстіне мығым джебі бар. Менің жоспарым — өз қаруыммен оның басымдықтарын жою. Мұны қалай жасау керек екенін де білемін» деп келтіреді The Guardian Джейкобстың сөзін.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *