ganibet

Қорқор шегетіндер коронавирустан қорықпай ма?

Елімізде COVID-19 індетіне сенбейтіндер, өкінішке қарай, азаймай тұр. Күніне, тіпті санаулы минуттарда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатқаны, сақтық шараларын барынша сақтау қажеттігі қанша ескертіліп жатса да, пандемияға пысқырмайтындар бар. Олар маска кию, қолды антисептикпен өңдеу секілді негізгі талаптарды орындамай отыр. Елорданың кейбір қоғамдық орындары да шектеуге шекесінен қарайтындай. Егер бұлай жалғаса беретін болса, елордада карантин күшейтілуі мүмкін. Мұны біз емес, ...

Толығырақ »

COVID-19: Індет Торғайға да жетті

Қостанай облысында коронавирусты инфекцияның ауру белгілері бар 8 жағдайы тіркелді (16.06.2020 жылғы мәліметі бойынша) деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстың жедел штабына сілтеме жасап.  8 жұқтыру оқиғасының 6-ы Қостанай қаласына келеді. Облыс орталығында COVID-19 жұқпасы 26 жастан 53 жасқа дейінгі 4 ер адамнан және 1971 және 1956 жылы туылған екі әйелден анықталды. Аталған азаматтар ЖРВИ белгілері бар эпиджағдайлар бойынша тексерілді. Сондай-ақ, коронавирустық ...

Толығырақ »

Пандемия және праймериз

«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болайын деп отыр. Жер жаһанды жайлаған індеттің кесірінен елімізде де төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық-саяси өмірге күтпеген өзгерістер алып келді. Осы орайда басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғаны анық. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қомақты қаражат жиналып, әлеуметтік әлсіз ...

Толығырақ »

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Зұлмат жылдар туралы зерттеумен шектелмей, насихаттау да қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуіне қатысты қоғамның белгілі тұлғалары пікір білдіріп жатыр. Солардың қатарында қазақстандық тарихшы-ғалым, профессор, Халықаралық Түркі академиясының президенті және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі де бар. «1992 жылы арнайы комиссия құрылып, өте нәтижелі жұмыс істеді. Алаш арыстарының көпшілігі ақталды, көптеген кітаптар шықты.  ...

Толығырақ »

Қостанай «сұр қалаға» айналып кетпесін

Шындығын айту керек, Қостанайдың әуежайынан немесе теміржол вокзалынан, әйтпесе қалааралық автобекетінен түсе салып мынау қазақтың елі, жері екен деп дөп басып айта қоятындай ерекшеленіп тұрған жағдайымыз жоқ.  I «Уақыт – ұлы емші» деген шығыс даналығы. Еліміз егемендік алғаннан бері салыстырмалы түрдегі шамалы кезеңде ұлттық айшығымызды айғақтау, тіліміз, діліміздің оралуы, ұлттық мәдени мұраларымызды жаңғырту сияқты жұмыстар күнделікті өмірімізге сыналап кіріп, күннен ...

Толығырақ »

Тобыл жағасындағы жауһар. Қостанайда қандай жаңа ғимараттар салынып жатыр?

2020 жылы Қостанай қаласында бірқатар жаңа ғимарат бой көтереді. Олардың ішінде төрт спорт нысаны бар: Мұз сарайы, шаңғы базасы, бассейн және триатлон паркі. Сондай-ақ, сауда-ойын-сауық орталығында ашық аспан астында Therma Park сауықтыру бассейндері салынады. Қазақстанда мұндай кешеннің әлі баламасы жоқ. Қаладағы ірі инфрақұрылымдық жобаларға жаңа «корей көпірі» мен аэровокзал ғимаратын да қосуға болады. Мұз сарайы салынады Жаңадан салынатын төрт ірі спорт нысанының бірі – ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов: Тұрғындар сақтанбаса, қатаң карантин режиміне қайта ораламыз

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов карантин режимінің сақталуы туралы ақпарат берді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың денсаулығын сақтау үшін уақтылы қабылдаған шараларының арқасында елімізде инфекцияның жаппай таралуына жол берілмегенін атап өтті. «Бүгінде өңірде COVID-19 індетінің 131 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Жітіқара қаласында – 87 жағдай, Қостанайда – 18, Арқалық қаласында ...

Толығырақ »

«Бюджет қаражатын жымқырған»: Қостанай облысында білім мекемелерінің басшылары сотталды

Қостанай облысында білім саласында жемқорлыққа жол берген екі лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында белгілі болды. Қазақпараттың жазуынша, сессия барысында Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Костюковтың баяндамасы тыңдалды. Ол облыстық бюджеттің орындалу сапасы, аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне тоқталды. «Бюджетті жүзеге асыруда 435,8 млн.теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ...

Толығырақ »

Кабинетін мұғалімдерге берген директор

Ол білім саласына кездейсоқ келген жоқ. Оны бұл жолға өзі білім алған мектебіндегі ерекше жүйе жетелегендей. Кейіпкеріміз оқыған білім ұясында жоғары сыныптың оқушылары төменгі сыныптың балаларына сабақ түсіндіретін жүйе болыпты. Сол кезде биология пәнінен көптеген олимпиадаға қатысып жүрген оқушы мектебіндегі ерекше жүйе бойынша өзінен кіші балаларды өзі үздік пәннен жарыстарға дайындапты. Кейіпкеріміз білгенін өзгеге үйрететін ұлы қызметтің жанына жақын екенін ...

Толығырақ »

Науырзым ауданында 9 жасар бала суға батып кетті

Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні Науырзым ауданының Қожа ауылында болған деп хабарлайды Қазақпарат. «Сағат 15.00 шамасында арнайы жабдықталмаған жерде 9 жасар бала суға батып кетті. Қазіргі мәлімет бойынша, ол ауылдың шетіндегі жасанды су қоймасы маңында ойнап жүріп, сәлден соң суға түскен. Қалған мәліметтер анықталып жатыр» делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Құтқарушылар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, өзенге, ...

Толығырақ »