Қазақстандықтар Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кеткені туралы хабарлама таратып жатыр. Ал облыстық сайлау комиссиясындағылар ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты кеше қоғам белсендісі Ермек Нарымбай Facebook-тегі парақшасына жариялады. Ол Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы «Сосновый» шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған. Облыстық сайлау ...
Толығырақ »ganibet
Коронавирус: Қостанай облысы «қызыл» аймаққа кірді
Қазақстан аймақтарындағы 27 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы енді. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте 776 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты. фото: «Костанайские новости»
Толығырақ »Торғынбек Әміров, боксшы: «Жеңісімді Торғай жұртына арнаймын»
MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алған боксшы Торғынбек Әміров ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында жекпе-жектері туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Күні кеше Алматыда қазақстандық боксшылар танымал MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алу үшін өзара бақ сынасты. Турнирде алғашқы жеңісті Торғынбек Әміров (3-0, 0 КО) қанжығасына байлады. Ол төрешілер шешімімен Әлімжан Тұрсыновтан басым түсті. Торғынбек Әміров келісімшарттан бөлек, екі чемпиондық ...
Толығырақ »Беймәлім дерек. Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (ВИДЕО)
Дереккөз: Abai TV
Толығырақ »Торғайда әйелді қасқыр талап тастады
Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл ақпартты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады. Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген. Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ол ...
Толығырақ »«Қызыл» аймақтағы Қостанайда карантин 7 желтоқсанға дейін созылды
Қостанай облысында карантин шараларғы 7 желтоқсанға дейін ұзартылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашадан бастап Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізілген болатын. Облыстық жедел штабтың шешімімен жабық спорт объектілерінің жұмысына тыйым салынды. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарына шектеу енгізілді, атап айтқанда, 1 үстелге 4 адамнан артық отырмайды, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, ...
Толығырақ »«Дәрі-дәрмектен қағылдық»: Қоғамдық бақылау тобы жауап берді
Қостанай облысы Қоғамдық бақылауының жұмысы Жітіқара қаласында жалғасты. Әлеуметтік желілерде тұрғындар Жітіқара аудандық ауруханасының жұмысына сын айтып, мәселе көтерген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Атап айтқанда, тұрғындар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмектерінен қағылып жатқандарын сөз еткен. Іске Қостанай облысының Қоғамдық бақылау тобы араласты. Олар полиция өкілдері және волонтерлермен бірге 23-27 қараша аралығында Жітіқараға барып, ауруханадағы жағдаймен танысты. «Жітіқаралық тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарын ...
Толығырақ »Алтын Ордаға — 750 жыл: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы онлайн дөңгелек үстел өткізді
Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің аудандық Тілдерді оқыту орталығы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Іс-шараны орталық директоры Гүлім Ысмағұл құттықтау сөз сөйлеп ашты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан болатын» деген мекеме басшысы, тарих беттерінен ойып ...
Толығырақ »ЕҰУ-да дарынды студенттерді анықтайтын халықаралық пәндік олимпиада өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы аясында бүгін, 6 қарашада Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «5В042200–Баспа ісі» мамандығы бойынша cтуденттер арасында ІV Республикалық пәндік онлайн олимпиада өтті. «Баспа ісі» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындары ғана емес, ресейлік студенттер де бақ сынады. ...
Толығырақ »Қостанай облысы да жеткілікті қаражат бөлмеген
Премьер-министр Асқар Мамин өрт сөндіру қызметінің жарақтандырылу деңгейін жақсартуға тиісті қаржы бөлмеген өңірлерді атады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. Премьер-министр Мемлекет басшысының жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына азаматтық қорғау мәселелерін дамыту және жетілдіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша міндеттер қойғанын айта кетті. «Азаматтар мен олардың мүлкін авариялар мен апаттардан қорғауды қамтамасыз ету керек. ...
Толығырақ »