ganibet

Президент тапсырмасы: Арқалықты жылумен жабдықтау жүйесі жыл соңында өзгереді

Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету жүйесі өзгеретін болды. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Қостанай облысының Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету ел қазынасына қымбатқа түсетін. Себебі мазут бағасы басқаларға қарағанда шарықтап тұр. Шағын қаланың жылдық отын қорын жасау үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард тенгеден астам дотация бөлінетін. Жергілікті жылу орталығын ...

Толығырақ »

Латын графикасы біздің тілімізге зәру емес…

Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыстың қала мен аудандарының Тіл басқармаларының интерактивті түрде қатысуымен жаңадан ұсынылған латын таңбаларына негізделген қазақ әлібиінің жобалары талқылауға салынды. Осы орайда белгілі ғалым Алмасбек Әбсадық та өз пікірін білдірген болатын.  tobyl-torgai.kz  Латын графикасына негізделген қазақ әлібиінің алғашқы нұсқалары жарық көргенде негізгі талас-тартыс лингвист ғалымдар мен ІТ мамандарының арасында жүрді. Бұл — дұрыс үрдіс. Себебі ...

Толығырақ »

Қостанайда 25 дәрігерге пәтер берілді

2019 жылы облыс әкімдігі мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы «Ипотекалық ұйымы» АҚ арасында денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 350 пәтер сатып алу туралы келісім жасалды. Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. «Қатысушыларға сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беру 3 жыл ішінде жүзеге асады. Былтыр 350 пәтердің 54-і берілсе, бүгін 25 жас дәрігер баспана кілтіне ие болып отыр. Ипотекалық ...

Толығырақ »

«Тобыл» «Динамоны» тізе бүктірді

Қостанайдың «Тобыл» командасы Украинаның «Динамосын» жеңді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеше қостанайлықтар Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында Украинаның 15 дүркін чемпионы «Динамо» командасымен кездесті. Бірінші таймда Киев футболшылары 2:0 есебімен жеңді. Ойынның екінші бөлігінде Григорий Бабаян алаңға бірнеше тың футболшыны шығарды. Алдымен команда капитаны Азат Нұрғалиев пенальтиден есеп айырмасын қысқартса, Серікжан Мұжықов таразы басын теңестірді. Мұнан соң Роман Мұртазаев пен Петрос Аветисян ...

Толығырақ »

«Торғай халқымен ешкім санаспады»: Жанкелдин ауданы аумағына зымыран қалдықтары құлады

Қостанай облысының Жанкелдин ауданы аумағына зымыран қалдықтары құлады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Бидашевтің айтуына қарағанда, зымыран қалдықтарынан қауіп жоқ. Бұл халықаралық OneWeb бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып отыр. «Зымыран сынықтары аудан аумағына 7 ақпан күні құлады. Бұл арнайы келісім бойынша жасалып отыр. Тұрғындарға ескертілді. Химикаттар немесе сұйықтықтар жерге төгілген жоқ. 10 ақпанда сынықтар ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысының, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған баспаналар салудың  оң қарқыны, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ арнайы техника мен автомобильдер шығару жөніндегі маңызды индустриялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының ...

Толығырақ »

Қостанайда қос ЖОО бірігіп, аймақтық университетке айналады

Биылғы оқу жылында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Сұлтанғазин университеті бірігіп, аймақтық оқу орнына айналады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқу орындарының бірігуі Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асып отыр. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Дощанованың айтуынша, екі университетті біріктіру туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шешім қабылдады. Сол шешімнің негізінде «Жол ...

Толығырақ »

Қостанайда қауіпті ойыншықтар сатылып келген

Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қауіпті ойыншықтарды анықтап, дүкен сөрелерінен алып тастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Ведомствоның бөлім басшысы Рагуль Таженова айтқандай, өңірде балалар ойыншықтары үнемі тексеруден өтіп тұрады. Өткен жылы аумақтық басқармалардың мамандары 167 ойыншық сынамасын іріктеп алған, оның 67-сі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бойынша, дайындаушы немесе өнім беруші ...

Толығырақ »

Қостанай облысының бірнеше елді мекенін су басуы мүмкін

Қостанай облысында су тасқынынан төнетін қатер көп деп хабарлайды «Хабар 24».  Аймақта сегіз мыңдай адам тұратын 96 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Осы ретте құтқарушылардың диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Төтенше жағдай бола қалса, арнайы техникалар да сақадай-сай тұр. Қар мөлшері көп түскен Меңдіқара, Қарабалық, Қарасу, Сарыкөл аудандарына төрт су айдау техникасы мен мотопомпа жұмылдыру көзделген. Облыс аумағынан ...

Толығырақ »

Ы. Алтынсарин музейі жәдігер жинауға волонтерлерді жұмылдырады

Қостанайдағы Ы.Алтынсарин музейі еріктілерді жәдігер жинауға жұмылдырады. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жыл – еріктілер жылы. Осыған орай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі волонтер жастармен бірлесе отырып «Туған жер» жобасы аясында аймақта «Ұлы Дала ұстазы» ғылыми экспедициясын өткізуді қолға алып отыр. Музейде қазақстандық жастар күніне арналған еріктілермен еркін кеш өтті. Мақсат — биылғы Еріктілер жылында облыстағы мәдени ...

Толығырақ »