ҚР Білім және ғылым министрлігі «Орта білімді жаңғырту» жобасының басталғанын жариялады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту. Ол үшін қыруар қаржы бөлініп отыр деп xабарлайды ҚазАқпарат. Жобаның жалпы құны — 75 млн АҚШ доллары. Соның басым бөлігі — 67 млн-ды Дүниежүзілік банк беріп отыр, қалғаны — бюджет қаражаты. Осы қаржыға ауыл мектептерін мультимедиалық құрал-жабдықтармен ...
Толығырақ »ganibet
«ӘУЛИЕ» ІЗДЕП ӘУРЕ ДЕСЕДІ…
Сыбайластықты сылып тастау департаменті Ұсақ жемқорларды іріктеу басқармасының Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен айналысатын сала бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп, әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған “әдірем қалмағыр” идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді. Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың ...
Толығырақ »Арқада жер еркесі Қызбел деген…
Туған жерге деген сағыныш көңілді тербеп, ойыңа оралып көпке дейін соңыңнан қалмайтын кездер болады. Ондайда ел жаққа аңсарын ауады да тұрады, ауады да тұрады. Арпалысқан қала тіршілігі арасынан анда-санда ауылдағы ағайынның бірін кездестіре қалсаңыз, шұрқұраса қауышатын қасиет сіздерде де бар болар. Бұл, сірә, ауыл топырағынан нәр алған әрбір азаматтың бойынан табылар. Туған жерге бүйрегі бұрып тұратын адам, кіндік қаны тамған ...
Толығырақ »Президент стипендиясы тағайындалды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды. Бұл тізімде торғайлық жазушылар да бар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Олар: Төлен Әбдікұлы — 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сәбит Досанов — 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері; Қойшығара Салғараұлы — 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, ...
Толығырақ »Қазақстандағы 20 ЖОО-ның лицензиясы қайтарылып алынды
Білім сапасына қойылатын талапқа сай емес еліміздегі 20 оқу орнының лицензиясы қайтарылып алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өздеріңіз білетіндей, «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде Елбасының тапсырмасы бойынша қосымша 20 мың грант бөлінген болатын. Бұл гранттар бойынша студенттер оқуын бастап кетті. Енді осындай мемлекеттен қамқорлық болып жатқаннан кейін, әрине, біздің оқу орындарының жауапкершілігі де арттырылуы керек», — деді Білім және ғылым вице-министрі ...
Толығырақ »Әлхамдулилла, 18 млн-нан астық
2018 жылдың 1 қазанында Қазақстанда халық саны 18 млн 334,3 адам болды. Бұл өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 237,4 мың адамға көп немесе 1,3 пайыз өскен деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика агенттігіне сілтеме жасап. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2 354 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,3 ...
Толығырақ »Алматыда «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті
Таяуда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «HackDay 2018» фестиваліне 5 бағыт бойынша 3148 қатысушы қатысып, 500-ден астам жоба ұсынылды. Олар — «Ақпараттық технологиялар», «Контент және ...
Толығырақ »Қарабалықта 220 келі тартатын бұзау өсіріледі
Қостанай облысының кәсіпкерлері шетелден етті сиыр алдырып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр деп хабарлайды Хабар 24. Осы жолы Қарабалық ауданындағы серіктестік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарынан 1843 бас абердин ангус сиырын сатып алды. Етті ірі қараның ерекшелігі — сегіз айлық бұзауы 220 келі тартады. Үш жастағы сиырлар 500 келіден астам ет берсе, бұқасы 850 келіден асады. Жалпы, 2010 жылдан бері Тобыл ...
Толығырақ »Қостанай облыстық ауруханасы науқастарға неге қырын қарайды?!
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қостанай облыстық ауруханасына шағым айтқан Жанкелдин ауданы Торғай кентінің тұрғыны Ләззат Жармақ өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды. Онда ол облыстық аурухана қызметкерлерінің сорақы қылығына ашынып, жанайқайын жеткізеді. Әңгіме түсінікті болу үшін басынан бастайық. Денсаулығы нашарлап, Қостанай облыстық ауруханасына барған Ләззат Жармақ ондағы медицина қызметкерлерінің, нақтырақ айтсақ, гинеколог-дәрігер Шавелеева Альбинаның ауруының асқынғанына қарамастан, өзіне ...
Толығырақ »Нұрбол Жұмасқалиев спорттық мансабын аяқтады
Елімізге белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев спорттан кететіндігін хабарлады. Ол бүгін «Тобыл» сапында соңғы мәрте жасыл алаңға шығып, Петропавлдың «Қызылжар» командасы қақпасына гол соқты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылғы 11 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Футболшылық мансабын 1998 жылы Оралдың «Нарын» командасы сапында бастады. 1999-2000 жылдарда Талдықорғанның «Жетісу» клубында ойын көрсетсе, 2000-2010 жылдарда Қостанайдың «Тобылының» жейдесін киді. Ал ...
Толығырақ »