Талбесік

Фурманов ауылы неге Кейкі батыр есімімен аталмай отыр?!

Кейкінің кесенесі Торғай өңіріндегі Амангелді ауданының «Жалаулы» деген жері үлкен көтерме жолдың бойында болғандықтан, ерсілі-қарсылы өткен жолаушылардың ел тарихын білетіндері, ата-баба аруағын сыйлайтындары оған автокөлігін тіреп, сондағы Кейкі батырдың бейітінің басына барып, даңқты атасына Құран бағыштайтын. Республикалық теледидардың Торғай өңіріндегі тілшілер қосынының меңгерушісі болып жұмыс істеген жылдары біз де талай рет «Жалаулыдағы» Кейкі батырдың темір шарбақпен қоршалған, цементтен құйып жасалған ...

Толығырақ »

Кейкі батырға кесене салып, сүйегін арулап жерлеуді тапсырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры – Кейкі батырдың сүйегін жерлеу мәселелері жөнінде кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы www.sn.kz порталы хабарлады. Халық аузында Кейкі батыр атымен танымал Нұрмағанбет Көкембайұлы – 1916 жылғы Ресей патшалығының қазақтан әскерге адам алу туралы жарлығына қарсы көтерілген Торғай қазақтары көсемдерінің бірі. Ол көтерілісшілердің негізгі қарулы күші – мергендер жасағын ...

Толығырақ »

«Көзкөрген» қамшы

Біздің үйдің төрінде қамшы ілулі тұрады. Оны көргендер «баяғының қамшысы екен-ау»  деп қояды. Әкетіп бара жатқан ештеңесі жоқ. Кәдімгі алты таспа етіп өрілген, даланың қызыл торы тобылғысымен сапталған, ақ таспамен оралған қарапайым қамшы. Бірақ жай қамшы емес ол. Мен  көрмеген аталас туыстарым мен әкелерім тұтқан қамшы. Қай жылы өрілгенін анық айта алмаймын, бірақ 1937 жылдан бұрын болған қамшы. Қазақтың қағидасында ...

Толығырақ »

«Тылсым Торғайға тур» туралы

Тур идеясы жөнінде Осыдан 4 жыл бұрын, одан кейін 3 жыл көлемінде туризм саласын зерттеген, мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамда жұмыс істеген едім. Жұмыс барысында туризмнің, оның ішінде Қазақстанда ішкі туризмнің дамуын зерттеген болатынбыз. Сонда байқағаным, жалпы елімізде туристерді шетелге апару жолға қойылған екен, ал өз еліміздің ішкі туристеріне жағдай жасау, оларға қызмет көрсету әлі де ақсап жатқанын білдім. Оның ...

Толығырақ »

Қостанай облысының атауын өзгерту қажет

Қостанай облысының атауын Торғай облысы деп өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын. Торғай — тарихи атау. Қостанай облысы дегеннен гөрі Торғай облысы десек, күшті естіледі. Облыстың көп бөлігін Торғай даласы алып жатыр. Қостанай да бөтен емес, торғайлықтардың қонысы, жайлауы болған жер. Торғай деп атасақ, «Қостанай», «Торғай» деп бөлінуді қояр едік. Облыстың қазақылануына септігі тиеді. Қостанай мен орыс егіз ұғымға айналған сияқты. Қостанай ...

Толығырақ »

Жасындай жауға тиген Шәкір батыр…

Шәкір батыр жайлы ауылда жүргенде шама-шарқымша ізденіп көрген едім. Батыр жайлы деректер жоқ деуге болмас, алайда, аз екені рас. Мұхамеджан Сералиннің «Наурызбай-Қаншайымында» ептілігі суреттелсе, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбайында» ерлігі баяндалады. Ал, Нұрхан Ахметбековтің «Жасауыл қырғынында» «қыстауын қитабаның шауып» алған қатыгез қарақшы ретінде көрсетіледі. 2002 жылдары ауылда жүргенде түбі керек болар деп, әуесқой камераға туысы Әбілдә әкемді жазып алған болатынмын. Кейін екі ...

Толығырақ »

Қазақстанға рахмет…

Осыдан үш-төрт жыл бұрынғы оқиға еді, әлі күнге ойымнан кетпейді. Қытайдағы Іле қазақ облысына қарасты Үлкенқұштай деп аталатын туған жерімізге барып демалып жатқан кезіміз еді. Мен туған ауылмен жапсарлас отыратын Қайыңды деген ауыл бар. Бір күні сол ауылдағы туысқан ағамыз үйіне қонаққа шақырды. Біз де айтулы уақытта сол үйден төбе көрсеттік. Түс мезгілі болатын. Үйге жасамыс тартқан, қараторы көрші әйел ...

Толығырақ »

Ахметқан айтқан екен…

Ауыздың аздығы Атақты „Тас мешін„ толғауының авторы  Әбіқай Нұртазаұлының баласы Ахметқан Әбіқаев та шешен, ақын, добырашы, әнші, жыршы кісі еді. Ол кісі алты ай бірге жүрсеңіз де бір айтқан әңгімесін екі қайталамай, бірінен соң бірін ағылтатын. Тіпті, әңгіме қызығына түскенде тамақ ішуге де қолы тимей қалатын. Сондайда Ахаң: -Шіркін, құдай әу баста Ахметқан ғып жаратқан соң екі ауыз неге бермеді ...

Толығырақ »

АШТЫҚТЫҢ ТАРТЫП ЗАРДАБЫН…

Қолдан жасалған қиянатты бастан өткергендер туралы Бала күнiмiзде ауылдың iргесiнде көптеген мола болушы едi, мола болғанда былай: өзеннiң арғы бетiнде Шәкiртам деп аталатын ауыл адамдарын жерлейтiн арнайы қорым орналасқан, ал ауылдың маңында Шәкiртамнан бөлек әр жерде кейде қоршалған кейде қоршалмаған белгiсiз солдат бейiтiндей бейiттер бар едi. Шынын айтқанда, ешкiм оларға мән бермейтiндей көрiнетiн (олай еместiгiн мен есейе келе түсiндiм), әркiм ...

Толығырақ »

Жол үстіндегі екінші әңгіме-3

Аудан орталығы ажарын түзеген. «Біткен іске мінші» болмайық дей жүрсек те көңіл алаң, бала кездегі көз үйренген кеніштерді іздейді. Бұрын Торғайдың көшелері атқан оқтай түзу келетін, қазір көшелер қисық-қисық. Баяғы Пионер көшесі бөлініп қалыпты. Көшенің нақ ортасында мешіт тұрғызылған. Құрылыс мектебі дейтіннің орнына кафе салыныпты, ескі клуб үйі бұзылған, бұрын сол орынды саудагер Якушевтің дүкені деуші еді. Ыбырай мектебінің жаңа ...

Толығырақ »