Талбесік

Көршінің қызы

Ауылға келгеніме үш күн болды. Түсте тас төбеден күн жарқырап, аңызақ жел соғып, берекені алатын. Бесін уақытында тіршілік тоқтап,бәрі бір сәт тынығады. Күн ыстығы ауып, басылған соң ғана күйбін тіршілік әрімен домалап кете береді. Түнде әр жерден ауыл жастарының ысқырығы мен дамылсыз, бірінен бірі іліп алып кететін абалаған иттердің үргені ғана естіледі. Сондай түндердің бірінде дөмбекшіп төсегіме сыймай, далаға шықтым. ...

Толығырақ »

Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ән шырқап берді

Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ғаламтор арқылы ән салып берді. Халық қаһарманы Айдын Айымбетов бейсенбі және жұма күндері астықты аймақ – Қостанай облысына барды. Сапары барысында ғарышкер тығыз жұмыс кестесіне қарамастан телекөпір арқылы торғайлықтармен тілдесуге уақыт тапты. Аға буын, жас ұрпақпен ой бөлісіп, пікір алмасты. Ғаламтор арқылы өткен кездесуде Жанкелдин аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы аудан тұрғындарының атынан ақ тілегін жолдап, ...

Толығырақ »

Қостан ба? Қос тін бе? Қос Тана ма?..

Қостанай қаласы атауының шығуы жайлы түрлі аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі – Тобыл жағалауында Қос және Тана есімді егіз қыздың өмір сүргені туралы хикая. Бұл туралы жергілікті ақын Асылбек Шаяхметтің 1996 жылы Қостанай қаласынан шыққан «Пирамида» атты кітабында жазылды. Осыған орай, қаланың кіреберіс қақпасына аңызға арқау болған егіз қыздың мүсіні де орнатылған. Бірақ, Ақылбек ақын өз кітабында былай деп жазған: «Қостанай – ежелден ...

Толығырақ »

«Қашаннан қыран мекені»

  Қостанайда Торғай таланттарының концерті өтті. Өнер кеші Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналды. Танымал әнші, КСРО-ға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Рысты Ерденова мен өнер жанашыры, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Тұрған Талғабеков – идея авторлары және концертті ұйымдастырушылар. Кеш айтыскер ақын Айбек Қалиевтің арнауымен ашылды. Жыршы Абзал Алпысов халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Торғайдан ...

Толығырақ »

Байтұрсыновтың балалық шағы

Кеңес дәуірінде Алаш қайраткерлерінің есімдерін атаудың өзі қылмыс саналып келіп еді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыз өзінің сол перзенттерімен қайта табысты. Тау сілеміндей мол мұралары оқырман қолына біртіндеп тие бастады. Соның ішінде ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы туралы ақпараттық қызықты деректер көп. Бұл жолы біз оның балалық шағына тоқталып көрмекпіз. Жаралы жүрек һәм оқуға құштарлық Ресми ...

Толығырақ »