Асқарбек Кенжеғарин ешкімге қиянат жасаған жоқ!

Құрметті оқырман!
Аллаға тәубе, қиыншылық заманды артқа салып, Қазақ елі қарышты дамып келеді. Елбасының бастамасымен ел экономикасын көтерер бағдарламалар қолға алынып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсуде. Соған қарамастан, ел ішінде бір-біріміздің жағамыздан алып, көрер көзге, еститін құлаққа ауыр пікірлерді өз пайдасын шығару үшін газет бетін пайдаланып, қоғамдық пікір қалыптастыруды да әдетке айналдыра бастаған сыңайлымыз. Бізді, Жанкелдин ауданының құрметті азаматтарын қолымызға қалам алғызып, пікір білдіруге себепші болып отырған — кешегі Торғай өңіріне белгілі «Торғайдың Жуковы» атанған Жакупов Ахметқалидың ағасы Ахметбектің ұлы Асқарбекке орынсыз жала жабылғаны арқамызға аяздай батып, көңілдегі мазасыз ойды газет бетінде жеткізгіміз келді.
Біз — ұлтанды елміз. Осы елге кеше ғана аудан әкімі болып қызмет істеген Асқарбек қана емес, оның атасы Кенжеғара да, әкесі Ахметбек те елдің көркеюіне үлкен үлестерін қосып еді. Ал, жоғарыда атап өткен Жакупов Ахметқалидың ауданның ауыл шаруашылығын көтерудегі еңбегін халық осы күнге дейін аңыз қылып айтып отырады. Осындай үлгілі отбасынан шыққан Асқарбек Ахметбекұлы мектепті үздік бітіріп, жоғары білім алып, еңбек жолын бөлімшедегі агрономдықтан бастап, аудандық комсомол ұйымын бірнеше жыл басқарды. Бюро мүшесі болды, партия ұйымының хатшысы болды. Алматыдағы жоғары партия мектебін аяқтағаннан кейін Жанкелдин аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, сохоз директоры болып бірнеше жыл қызмет атқарды. Біз, Жанкелдин ауданының бір топ ардагері Кенжеғарин Асқарбектің адал азамат атын қорғап қалуына тілектеспіз. Осындай тәртіпті де тәрбиелі, елінің көркейіп, гүлденуіне белсене үлес қосқан азаматқа біздің әділетті заң орындары әділ шешім қабылдаса екен дейміз. Түптеп келгенде, оның ешкімге қиянат жасамағанына және жасамайтынына біз сенеміз.
Карбозов Кәкімжан — еңбек ардагері, Жанкелдин ауданының құрметті азаматы
Әбжамалов Тиыштық – еңбек ардагері, Жанкелдин ауданының құрметті азаматы
Молдабеков Нұретдин – еңбек ардагері, Жанкелдин ауданының құрметті азаматы
Бірмағамбетов Қарсақбай – еңбек ардагері, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бакиров Жылқыбай – еңбек ардагері, Торғай селосы ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жұмабаев Әбдірасыл – еңбек ардагері
Абдикаримов Есім – еңбек ардагері

Әлімбаев Алпыс – еңбек ардагері, Екі мәрте «Еңбек даңқы» орденінің иегері

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *