Tag Archives: Коронавирус

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды

Қостанай облысының әкімі бұл туралы инстаграм-парақшасында жазды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын» деп жазды ол. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраған Архимед Мұхамбетов барша жұртқа зор денсаулық пен амандық тіледі. «Өзіңізді күтіңіз!» деп жазды әкім.

Толығырақ »

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері: Емдеу мекемелерінде орын тапшы

Қостанай облысында соңғы күндері коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны байқалды. Осыған байланысты өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері үндеу жариялайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қостанай облысының мемлекеттік санитар бас дәрігері Владимир Нечитайло аймақта күн сайын шамамен 50-100 адам індет жұқтыратынын, ауруға шалдыққандар саны 518 адамға жеткенін айтады. «Апта сайын сырқаттану жағдайының өсуін талдаймыз. 8-14 маусым аралығында аурудың ...

Толығырақ »

Қостанайда балабақша тәрбиешілері коронавирус жұқтырған

Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Қостанай облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. «Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі» делінген департамент хабарламада.

Толығырақ »

Қорқор шегетіндер коронавирустан қорықпай ма?

Елімізде COVID-19 індетіне сенбейтіндер, өкінішке қарай, азаймай тұр. Күніне, тіпті санаулы минуттарда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатқаны, сақтық шараларын барынша сақтау қажеттігі қанша ескертіліп жатса да, пандемияға пысқырмайтындар бар. Олар маска кию, қолды антисептикпен өңдеу секілді негізгі талаптарды орындамай отыр. Елорданың кейбір қоғамдық орындары да шектеуге шекесінен қарайтындай. Егер бұлай жалғаса беретін болса, елордада карантин күшейтілуі мүмкін. Мұны біз емес, ...

Толығырақ »

COVID-19: Індет Торғайға да жетті

Қостанай облысында коронавирусты инфекцияның ауру белгілері бар 8 жағдайы тіркелді (16.06.2020 жылғы мәліметі бойынша) деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстың жедел штабына сілтеме жасап.  8 жұқтыру оқиғасының 6-ы Қостанай қаласына келеді. Облыс орталығында COVID-19 жұқпасы 26 жастан 53 жасқа дейінгі 4 ер адамнан және 1971 және 1956 жылы туылған екі әйелден анықталды. Аталған азаматтар ЖРВИ белгілері бар эпиджағдайлар бойынша тексерілді. Сондай-ақ, коронавирустық ...

Толығырақ »

Комиссия қорытындысы: Арқалықтағы кейуананың өлімі коронавирустан болмаған

Қостанай облысының Арқалық қаласында қайтыс болған науқастың өлімі коронавирустан болған жоқ. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия тұжырымында осылай делінген деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, Арқалық қаласында коронавирус анықталған 84 жастағы кейуана өз үйінде көз жұмған болатын. Сoronavirus2020.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 27 сәуір күні науқастың өлімі коронавирустан не басқа сырқаттан болғанын анықтау үшін комиссия өткізілді. «Зерттелген медициналық құжаттамаға ...

Толығырақ »

COVID-19: Індеттің екінші толқыны қашан болады (видео)

Қазақстанда қыркүйекте тұмау вирусымен қатар коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық эпидемиологтармен өткен видеоконференция барысында айтты деп хабарлайды «Бірінші Еуразия арнасы». Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың көбі тұмауға қарсы вакцина жасауы керек, бұл өте маңызды. «Әзірше ешкім гипотезаны жоққа шығарып отырған жоқ. Жазда да бұл індет тарауы мүмкін, күзде де болады» деді Асфендияров атындағы зерттеу жұмысы ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай жұртына үндеу жолдады

Құрметті қостанайлықтар!      Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  жаңа COVID-19 коронавирус пандемиясын жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан  Республикасында төтенше  жағдайды енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай Қазақстан  Республикасының бүкіл аймағында 2020 жылғы   16 наурыз     08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуір  07 сағат 00 минутке дейін енгізіледі. ...

Толығырақ »