Қостанай облысында коронавирусты инфекцияның ауру белгілері бар 8 жағдайы тіркелді (16.06.2020 жылғы мәліметі бойынша) деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстың жедел штабына сілтеме жасап.
8 жұқтыру оқиғасының 6-ы Қостанай қаласына келеді. Облыс орталығында COVID-19 жұқпасы 26 жастан 53 жасқа дейінгі 4 ер адамнан және 1971 және 1956 жылы туылған екі әйелден анықталды. Аталған азаматтар ЖРВИ белгілері бар эпиджағдайлар бойынша тексерілді.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекция Қостанай және Жангелді аудандарының тұрғындарында расталды. Бұл жерде COVID-19 жұқпасы 2010 жылы туған оқушы мен 73 жастағы зейнеткерде анықталды. Екі пациент бұрын жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Жақын және әлеуетті байланыстарды анықтау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Барлық пациенттер бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес қажетті медициналық көмек алады.
16.06.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясымен 241 адам анықталып, 186 адам жазылып шықты.
ІлмектерCOVID-19 Жанкелдин ауданы Коронавирус Қостанай облысы Пандемия Торғай
Мынаны да қараңыз
Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен
Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...