Tag Archives: Қостанай облысы

Қостанай облысында түнде тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде 14 қыркүйекте күн ашық болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ кейбір облыстарда тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы секундына ...

Толығырақ »

Затоболда көлік өртеніп, 2 жасар сәби күйіп қалды

Қостанай облысының Затобол елді мекенінде көлік өртеніп, екі жасар сәби күйіп қалды. Бұл туралы Қазақпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Өрт сағат 15:29-да Затобол селосындағы «Светофор» дүкенінің маңында болған. Өрт «Лада-Приора» көлігінен шыққан. «Өрт 7 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 15:46-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2017 жылы туған қызды 2-ші дәрежелі күйік шалды. Оқиға кезінде ол көлік ішінде ...

Толығырақ »

Меңдіқарада адамдарды құлдықта ұстап отырған кім?!

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюктің сөзінше, ер адамды шынжырлап ұстап, буындырып өлтірген дәмханада сексуалдық құлдық та болған. «Қыздарды қызмет көрсетуге, тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Олардың атынан несие алып, жазған. Яғни ол жерде неше түрлі сұмдық жайттар болған», — дейді қоғам белсендісі. Нина Косюктің айтуынша, дәмхананың иесі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының бірнеше тұрғынын құлдықта ...

Толығырақ »

Қарабалық ауданында өрт шықты

Қостанай облысы Қарабалық ауданының Новотроицк ауылынан бес шақырым жерде өрт шықты деп хабарлайды ҚазАпқарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. «Теміржолды жағалай өсіп тұрған 3 гектар жердегі ағаштар өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп жоқ» деп мәлім етті департаменттен. Алдын ала деректерге қарағанда, өрттің тұтануына тепловоздан шыққан қалдықты газдың ұшқыны себеп болған.    

Толығырақ »

Тасты ауылы «тастанды» болды ма?..

«Тасты ауылы жабылады» деген аудиожазба тарап жатқаны белгілі. Бәрі де Елбасының күні кешегі «Нұр Отан» партиясының жиынында «паразит ауылдарды көшіру» туралы мәлімдемесінен кейінгі қауырт қолға алынған шаруа сияқты. Бірақ «болашағы жоқ ауыл» деген критериі қалай анықталады? Оны түсіндіріп беретін жан бар ма?» деп жазады журналист Бақытнұр Әлібай Фейсбуктегі парақшасында.  Әңгімеге арқау болған Тасты ауылына тоқталсақ. Бірнеше шаруа қожалығы бар, 1 ...

Толығырақ »

Қостанай облысы Арыстағы 671 нысанды жөндеуге кірісті

Қостанай облысы Арыс қаласында үйлерді жөндеуге кірісті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Арыстағы соңғы жағдайларға байланысты елдің түкпір-түкпірінен  гуманитарлық көмек жиналып, арнайы қор құрылғаны мәлім. Қостанай облысы да бұл бастамадан шет қалмады. «Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен байланысты. Келіссөздердің нәтижесінде Қостанай облысы арыстықтарға бүлінген үйлерді қалпына келтіруге көмектесетіні белгілі болды. Қазіргі уақытта Арыс қаласында ...

Толығырақ »

Мың домбыра шанағынан төгілген «Балбырауын»

Батпаққара даласының көгінен күй төгілгендей болды. Орталық алаңдағы мерекелік іс-шара өтетін орынға мың домбырашының жайғасуы күй тартпай тұрып-ақ керемет сұлу көрініс еді. Аппақ киініп, қолына қоңыр домбыра ұстаған домбырашылар жағалай аққу-қаздар қонып, құс базарына айналған көк айдын іспетті.   Олжас Қылдыбаев дири­жер таяқшасын сілтеп қал­ған­да, мың домбыра шанағы­нан Құрманғазының «Балбы­ра­уыны» төгіле жөнелді. Арқа­ның кешкі май тоңғысыз самалы ерке күйді алысқа алып ...

Толығырақ »

Мектебіміздің шалғайға көшірілуіне қарсымыз!

Қостанай қаласының әкімдігі қаладағы Алтынсарин көшесі, 107 мекен жайда орналасқан бастауыш білім беретін №24 мектеп-гимназияны Бородин көшесі 138/1 бойында тұрған бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратына көшіруге шешім қабылдағалы отыр. Керісінше, гимназия ғимаратын балабақша етпекші. Кеше осы мәселеге қатысты Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов білім ордасында ата-аналармен кездесу өткізді. Билік тарапы мен ата-аналар бір шешімге келе алмадық. Бұл 20 жылдан астам тарихы ...

Толығырақ »

Таран Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым № 29

Толығырақ »

«Қазақстан барысы» турнирінде торғайлық қос балуан белдеседі

Ертең елордада қазақ күресінен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан айтулы бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және күштік құрылымдар арасындағы турнирде іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысады. Осы орайда Қостанай облысының атынан белдесетін балуандар Асылбек Әбдіров пен Ғабит Балғынбаевпен аз-кем әңгімелесіп, турнирге дайындық барысын сұрадық. – «Қазақстан ...

Толығырақ »