Tag Archives: Торғай

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ Қара тақта

  (Торғай туралы толғау) Кеудемде соғып тұрар сәт басылмай, Мендегі үлкен жүрек – Ат басындай. Кестелеп, Атақ-даңқын жазып қойған Торғайым Мәңгіліктің тақтасындай.   Ұрпағың кенелгенмен бар атаққа, (Мен өзім малданбаймын марапатқа). Тақтаға теңегенмен Торғайымды, Ол бірақ Осы күнде – Қара тақта.   Байлықпен басын байлап осы көптің, Ұрпағын батырлардың жасық еттің… Ақыры Біздің Торғай Бұл заманда Айналды тақтасына Қасіреттің.   ...

Толығырақ »

ҚАРУЫН ТАСТАМАҒАН ҚАҺАРМАН

…Ел жадынан әлі өше қоймаған, құпиясы мен күмәні көп өткен ғасырдың маңызды оқиғаларының бірі – Торғай жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Алаш қозғалысына қатысты мәселе. Әлі күнге дейін Торғай елінің халқы көтерілістің басталуы, патша әскерлерімен бірнеше рет жан алып, жан беріскен шайқастар ғана емес, Амангелдінің өлімі, Кейкінің шырғалаңға толы тағдыры мен қазасы, Әлібиге қатысты қайшылықты пікір, Әбдіғапардың өлімі, Торғайда ...

Толығырақ »

Кейкі батыр: аңыз бен ақиқат

Басқа басқа біз бала кезімізден Кейкі батырдың ерлігі мен өрлігін естіп өстік. Торғай даласында Кейкі Көкембайұлы туралы әңгімелерді әрқайсымыздың аталарымыз бен әжелеріміз аңыз қылып айтып отырушы еді. Сондай әңгімені ең алғаш рет Кейкі батырдың көп жүрген жерлерінің бірі Ұлы Жаланшық өзені бойында Қатеш әжем аузынан естіп едім. Жыл сайын жаз мезгілінде қырдағы Әбілда нағашымыздың ауылына баратынбыз. Сонда Қатеш әжеміз Кейкінің ...

Толығырақ »

Қостанайда Шақшақ Жәнібек батыр ескерткіші бой көтерді

Жаңа ескерткіш Қарбышев көшесі мен әуежайға баратын жолдың қиылысында орналасқан деп хабарлайды alau.kz. Ескерткіш тұрғызу адамдардың ерікті түрдегі қайырымдылық ісіне айналып барады. Мердігерлер ескерткіштің нақты бағасын айтпай отыр. «Бізге екі мың теңгеден бастап, бірнеше миллионға дейін көптеген сома ұсынылды. Ескерткішті тұрғызу жұмыстары қаңтар айында басталды. Мүсінші — белгілі мәдениет қайраткері Қадыржан Кәкімов. Барлығы 270 тонна тас жұмсалды. Ескерткіштің өзіне Алматы ...

Толығырақ »

ТОРҒАЙ ЕЛІНДЕГІ ТОЛҚУ немесе бұрынғы отаршы Ресейдің өкілдері Егеменді елімізде неге еркінсіп, едірейеді?!

Ұлтарақтай болса да Атамекен жер қымбат! Халық даналығы Қазақ халқы ХVІІІ ғасырда болған еліміздің тарихындағы қиын кезең (1723-1725), «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында және Кеңес Одағы кезінде кіндік кескен жерінде аз санды халыққа айналғаны тамыры терең таңбалы тарихымыздан жақсы таныс. Оған басты себеп асты-үсті түрлі байлыққа толы құнарлы жеріміздің келімсіктердің көз құртына айналуы еді. Осы баға жетпес байлығынан да, бетегесі ...

Толығырақ »

Торғайлықтарға үндеу!

Жақында елде болып қайттым. Өзі туып-өскен мекеннің бүгіні мен ертеңі кім-кімді де толғандырмай қоймаса керек-ті. Оның үстіне толғауы тоқсан Торғайдың проблемасы таусылған ба? Олардың бәрін тізбелей берсем сөз ұзап кетер, сондықтан ең негізгі мәселеге назар аударғанды жөн көрдім. Қазіргі таңда жерлестерімді алаңдатып тұрған басты жайт – «Ресейге жалға жер беріледі» деген қауесет. Естуімше, «Союз-2» зымыранының бірінші сатысының қалдықтарын тастайтын алаң ...

Толығырақ »

Туған жердің мұңын кім мұңдайды, жырын кім жырлайды?!

Әркімге өзінің туған жері ыстық болатыны бесенеден белгілі, және ол ешқандай дау тудырмайтын ақиқат. Сен үшін оның әрбір тасы, сабырмен аққан өзені, сылдырап аққан бұлағы тіпті айдалада өсіп, шашын самал желпіген арудай желмен тербелген жалғыз жидесі, өзендердің бойында ырғатылған талы мен қамысы да ыстық. Олардың үнін тыңдап, өзің туған өлкенің топырағын басып, ауасымен тыныстау жаныңды тербейді. Алыста қалған балалығыңды сағындырады, ...

Толығырақ »

Бейбіт Атамқұлов торғайлық ақсақалдармен кездесуге уәде берді

Торғай даласын зымыран бөлшектері құлайтын алаң ретінде пайдалану мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  «Бұл мәселе әлі түбегейлі шешімін таппаса да қоғам арасында көп көтеріліп жатыр. Жергілікті биліктен де бұл мәселеге қатысты хабар келді. Шынымды айтсам, жер ...

Толығырақ »

Мажарстан мен Торғай қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады

Торғай өңірінде өтетін «Ұлы Дала рухы» этнофестиваліне Мажар елінен делегация келеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Берік Әбдіғалиұлының Фейсбуктегі парақшасына сілтемемен хабарлайды. «Мадьяр елінің ата-баба мекені Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Саға ауылында өткен алғашқы Қазақ-Мажар халықтарының құрылтайына биыл 10 жыл толды. Осыған орай, 17-18 маусымда «Ұлы Дала Рухы» этнофестивалі аясында Мажар елінің делегациясы (27 адам) Саға ауылында мерейтой өткізіп, дәстүрлі әскери ...

Толығырақ »

Ботакөзім, келдің бе?..

Киіктердің көктемгі миграциясына және төлдеуіне байланысты Торғай өңірінде күзет күшейтілді Не көрмеген дала!.. Жылда киік келіп, төлдейтін далада енді «Киік обасы» деген тіркес пайда болды. Айтып келмейтін табиғи апаттан жұрттың жүрегі шайлығып қалғандай. 2015 жылы Торғай өңірінде ғана 129 мыңнан аса киік қырылған. Соның салдарынан өткен жылғы санақта Бетпақдала популяциясында 36 мың ғана киік қалғанын көрсетті. Шетелдік және отандық ғалымдар ...

Толығырақ »