Қостанай облысы Сарыкөл аудандық Полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіхалықов жалған нөмірге қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Наша газета» сайтына сілтеме жасап. Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіқалықов жұмыстан шығуға арыз жазып, отставкаға кетті, — деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев. Басылымның мәліметінше, оның жұмыстан шығуына полицейдің SsangYoung жол талғамайтын көлігінде Chevrolet Niva-дағы 787 ELA 10 нөмірі ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Қостанайда параның орташа сомасы 100 мың теңгеге өскен
Онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұржан Шалов өңірдегі параның орташа көлемін атады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап. «Қостанай облысында биыл параның орташа мөлшері — 323 мың теңге, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш шамамен 221 мың теңгеге тең еді. Тіркелген қылмыстар жөнінен параның жалпы сомасы 2020 жылы 3,1 млн теңге, ал ...
Толығырақ »Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…
Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...
Толығырақ »Қостанайда 310 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ вакцинациялауды жүргізу үшін емханалардан басқа адамдар көп жиналатын орындарда жеке егу кабинеттері ашылған көрінеді. Бүгінгі күні І компонентпен 309 839 адам немесе 61,3%-ы ...
Толығырақ »Қостанайда коронавирус инфекциясынан 100-ден астам адам қайтыс болған
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай обылысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаев мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері 23930 адам індет жұқтырған. Нақтылап айтар болсақ, 13 қыркүйек күнгі жағдай бойынша 156 жағдай тіркелген. 31 492 науқастың 27 280-і сауықты, амбулаторлық бақылауды 3 ...
Толығырақ »COVID-19: Қостанай облысында 31 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, пандемия басталғалы бері Қостанай облысында 31 492 адам коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген. Ал 13 қыркүйектегі жағдай бойынша 156 адам індет жұқтырған. Қазіргі уақытта 1765 төсек-орны бар 21 стационарда 607 адам емделіп ...
Толығырақ »Қостанай облысында педагогтардың 90%-ы вакцина алды
Қостанай облысында педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, тамызда ұстаздар еңбек демалыстарынан жұмысқа оралады. Қазіргі кезде облыс педагогтарының 90%-ы вакцина алған. Процесс жалғасуда, тамызда мұғалімдер еңбек демалысынан шығып, жұмысқа оралады. Олардың арасында жол жүргендер вакцина салдырған. Жаңа оқу жылының басына дейін, бөлек қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп жоспарлап отырмыз, ...
Толығырақ »Қостанай облысының бірқатар ауданында жем-шөп қурап кеткен
Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ. Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, ...
Толығырақ »Қостанай облысының тұрғыны елімізден бөлек Ресейден де зейнетақы алып келген
Қостанай облысының тұрғыны Ресей және Қазақстан азаматы ретінде бір екі зейнетақы алған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Белгілі болғандай, зейнеткер он төрт жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Айыпталушы Ресей Федерациясының төлқұжатын алған, бірақ ол Қазақстан азаматтығынан шығу туралы құзырлы органдарға өтініш беомеген болып шықты. Ол Ресей Федерациясында жасына байланысты 1998 жылдан бастап сақтандыру зейнетақысын алған. Сонымен қатар, 2006 жылы Қазақстан зейнетақыларын төлеу жөніндегі ...
Толығырақ »Жангелдин ауданының тұрғындары ауыл әкімдерін сайлап жатыр
Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық округ пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл – барлық сайлаушылардың шамамен төрттен бірі. Таңғы сағат алтыдан бері учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, — дейді №294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz