Жолаушылар автобусы қарияны қағып кетті

Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі зейнеткер әжейді қағып кетіп, салдарынан жарақат алған зейнеткер бақилық болды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Полицияның айтуынша, зейнеткердің жолда жүру ережесін бұзуы жол-көлік апатының себебі болған — ол бағдаршамда қызыл түс жанып тұрғанда өткен. Оқиға фактісі ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. «Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүрді, ал зейнеткер сол уақытта жол ортасынан өтуге әрекеттенді», — деді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. — Соқтығысу салдарынан ол жамбасы сынып, бас-ми жарақатын алды. Зардап шегушіні жедел жәрдем көлігі жансақтау бөліміне апарды, дегенмен әжей көп ұзамай көз жұмды». Марқұмды туыстары таныды. Медициналық тексеріс жүргізушінің ішімдік ішпегенін көрсетті. Сонымен бірге, ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі (абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын, көлік жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Атап өткен жөн, соңғы кездері бұл Қостанайда жолаушылар автокөлігінен жаяу жүргінші қаза тапқан екінші жол оқиғасы. 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *