Головкин салмақ ауыстыра ма?

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің салмақ дәрежесін ауыстыратыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Санчестің айтуынша, GGG 168 фунтқа көтерілуі мүмкін.

«Головкин үлкен жекпе-жектер өткізу үшін 168 фунтқа көтеріліп, қайтадан 160 фунтқа түскені дұрыс деп ойлаймын. Бірақ, меніңше, ол бір жарым жылдан кейін 168 фунтта қалып, кіл мықтылармен айқасады. Бәлкім, үш жылдан кейін 168-175 фунт аралығына тоқтауы мүмкін» деді Санчес.

«Бұл жерде промоутерлер мен менеджерлердің пікірі үлкен рөл атқарады. Олардың ұсынысына қарап, Головкиннің карьерасына тиімді жағын таңдайтын боламыз. Сонымен қатар, бұл салмақта тек қана сөз жүзінде емес іс жүзінде де келісімге келіп, үлкен кездесулер өткізе алатынымыз да маңызды болмақ», – деп World Boxing News басылымына сұхбат берді.

Айта кетейік, 18 наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық былғары қолғап шебері америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады.

egemen.kz

 

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *