Қалмұханбет Қасымов Үкімет басшысына есеп берді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру барысы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Министрліктің халық арасында түсіндіру жұмыстары бойынша қабылдаған шаралары, сонымен қатар азаматтардың уақытша келген жерінде тіркеу мәселелері талқыланды.

Мәлім болғандай, тұрғылықты жері бойынша тіркеу талаптары жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады. Қазақстанда халықты тұрғылықты жері мен уақытша өмір сүру орны бойынша есепке алу заңнамада қарастырылған. Сонымен қатар, заңда тұрғын үй иесінен үйінде тұратын адамдарды тіркеумен қамтамасыз ету міндеті бастапқыда болмаған.

Еске сала кетейік, биылғы 7 қаңтарда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, тұрғын үйді жалға берушілер меншік иесіне тиесілі тұрғын үйлерде жеке тұлғаларға тіркеусіз өмір сүруге жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Заң қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мен экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған.

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *