Асад Астанадағы келіссөз нәтижесі кімге тәуелді екенін айтты

Астанадағы Сирия бойынша келіссөз нәтижелері оған қай оппозиция қатысатынына байланысты болады деді Сирия президенті француздық БАҚ-қа берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новостиға сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

«Онда басқа тараптан кім болады? Біз әлі күнге дейін білмейміз… Нағыз Сирия оппозициясы бола ма? «Нағыз» деп тұрғаным, онда сауд, француз немесе британ негіздері емес, Сириядағы халық бар. Оппозиция сириялық болады деп күтілуде және Сирия проблемалары талқыланады, осыған байланысты алда өтетін келіссөздің сәтті өтуі мен олардың болу құқығы осы сәттерге байланысты болады», — деген президенттің сөзін келтіреді САНА сириялық ұлттық агенттігі. Сирия президенті келіссөзге әзір екенін растады, ол Дамаск тарапынан диалог үшін еш кедергі жоқ екенін атап өтті. Бұдан бұрын Ресей президенті Владимир Путин Түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сириядағы қақтығысушы тараптарға Астанада жаңа алаңда бейбіт келіссөздер өткізу үдерісін жалғастыруды ұсынған. Путиннің айтуынша, бұл формат Женева келіссөздерін толықтыра алады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, келіссөз үшін алаң ұсынуға әзір екенін хабарлаған. Кездесу Астанада 23 қаңтарда, 8 ақпанда Женевада өтеді деп күтілуде.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан кетті

Оның осы лауазымдағы соңғы үндеуін Өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысы Денсаулық ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *