Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша тұрады?

2017 жылы 18 наурызда Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекті барып көру құны бір қазақстандық үшін қанша тұратыны белгілі болды деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр — 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан Pensylvania қонақүйі (екі орындық бөлме 350 доллар, бір орындық 680 доллар), жекпе-жекке билет (ең арзаны — 253 доллар) және сақтандыру (жеті доллар) кіреді. Сонымен қатар, егер сіз жоғарғы деңгейдегі жағдайды қаласаңыз, үстіне ақша қосып, пакетіңізді жоғарылата аласыз.

Айта кетейік, Головкин — Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді.

 

tengrinews.kz

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *