Барлық өңірдің жұмыссыз жастары, бірігіңдер!..

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ағымдағы жылы жаңа бағдарламаны пайдаланып, ауылда жұмыссыз жүрген жастарды кәсіпкерлікке баулуды көздеп отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы бес жылдың ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 380 мыңнан астам жасқа мемлекеттік қолдау көрсетілді. «Дегенмен де, қазіргі таңда жастар арасында жіті көңіл бөлуді талап етіп отырған 200 мыңға жуық азамат бар. Олардың 56 пайызы ауылда тұрады. 90 мыңы — жұмыссыздар, ал 103 мың адам — өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Бұлардың көпшілігі тек орта мектепті тәмамдаған жастар ғана болып отыр. Осы санаттағы жастарға мемлекеттік қолдау ретінде биылғы жылы жүзеге асырылғалы отырған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында оқыту, кәсіпкерлікке баулу, несие беру және жастар практикасын кеңейту мәселелері қарстырылып отыр» деді Т.Дүйсенова

Осы орайда министр ауыл әкімдерінің ақпараттық жүйелерін кеңінен дамыту қажет деп санайды. Онда тұрғындардың тек саны мен тұрмыстық жағдайы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтар да көрсетіледі. «Осындай ақпараттық жүйені біз Ақмола облысының Аршалы ауданында, Ақтөбе қаласы мен оған қарасты алты кентте ілкі жоба ретінде енгіздік. Оны барлық облыста, Астана мен Алматы қалаларында кезең-кезеңімен енгізу керек деп санаймыз. Бұл жүйе, ең алдымен, барлық деңгейдегі әкімдер үшін ауыл тұрғындары туралы жан-жақты әрі нақты деректер қорын қалыптастыруға мүмкіндік бермек. Екіншіден, соның арқасында «электронды үкіметті» ауыл-аймақтарға кеңінен таратуға болады» деп атап көрсетті Т.Дүйсенова.

inform.kz

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *