Ұрылар жалдамалы пәтерлерде жасырынады

ІІМ 2016 жылы жалдамалы пәтерлерде тұрып, мүлікті тонаумен айналысқан басқа қалалық «гастролер-ұрыларды» ұстау мақсатында өткізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларға сараптама жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылы республикадағы полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлер мен қонақ үйлерде тұрып, мүлікті қолды етуге қатысты 830 қылмыс жасаған 497 «гастролер-ұрыны» ұстады. Ақмола облысының 54 жастағы тұрғынының Астанада тұрып, 5 қарашадан 7 желтоқсанға дейін 6 рет ұрлық жасағаны дәлелденді. 37 жасар Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 20 қыркүйектен 25 қараша аралығында Астана қаласының Абылай хан даңғылында пәтер жалдап, 5 рет біреудің мүлкін қолды еткені үшін тұтқындалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

inform.kz

 

 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *