Таспа

Алматы мектептерінде жоспарланбаған каникулға байланысты қосымша сабақтар енгізіледі

Универсиада кезінде қосымша каникул болатындықтан, сабақтар кестесі өзгереді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Білім беру ұйымдары бағдарламаны толық игеру үшін өзгерістер енгізеді. (…) Қосымша сабақтар болады. Мектеп директорлары сабақтар кестесіне қосымша сабақтар енгізу бойынша тапсырма береді» деді Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқайдарова баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол мектеп оқушылары Универсиадаға бару-бармауды өз еркімен шешетінін айтты.

Ал осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі алматылық оқушыларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланатынын хабарлаған еді.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *