Алдағы күндері ауа райы қалай болады?

Синоптиктер 2017 жылдың 12-14 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, жақын арадағы екі тәулікте Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райын бұрынғыдай атмосфералық фронттар анықтайтын болады. Әдеттегідей жауын-шашынды ауа райы күтіледі: қар, көріну қашықтығы 1 шақырымнан кем боран, жылдамдығы секундына 15-20 метр қарқынды жел, оңтүстік облыстарда көктайғақ пен көріну қашықтығы 500 метрге кем тұман күтіледі.

Сондай-ақ мамандар осы антициклонмен 14 қаңтарға қарай жауын-шашын тоқтап, температураның қысқа мерзімді төмендеуі күтілетінін мәлімдеді.

 

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *