Қазақ қыздары Қытай азаматтарын қатты қызықтырады

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше жəне Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қытай азаматы мен қазақ қыздарының арасындағы некеге қатысты ойын білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі ел азаматтары некелесіп жататын жайттар кездеседі. Қазақстанның көп азаматы Қытайға жұмыс бабымен немесе оқуға келеді де, Қытайда қалып қойып жатады. Қазақ мəдениетін дəріптеп жүрген адамдар бар, Қытай тұрғындары сол адамдар арқылы Қазақстанның салт-дəстүрімен таныса алады. Бұндай некелерді біз құп көреміз деп айта алмаймыз, бұл — табиғат заңы. Бірақ жақсы деп ойлаймын. Бұл — біздің халықтар арасында дəстүрлі достық бар деген сөз, сол достық жемісін беріп жатыр деген сөз» дейді ол.

Елшінің айтуынша, қазақ қыздары Қытай азаматтарын қатты қызықтырады. «Қытайдан келiп, жергiлiктi қыздарға үйленiп жатқанын бiлемiн. Мұндай жағдайлар көп. Бұл — қалыпты тәжiрибе. Ешкiм ешкiмдi шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек. Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді өте қызықтырады. Себебі, олар өте сұлу, нәзiк, жоғары бiлiмдi, ата-аналарын, үлкен кiсiлердi сыйлайды, отбасыларын жақсы көредi. Дәстүрiмiз бойынша бiзде ұқсастықтар көп» дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада қазақ қыздарын қалталы қытай жігіттерімен таныстыратын неке агенттігі ашылып, қоғам наразылығын тудырған болатын.

inform.kz

фото: ratel.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *