Елордада бірыңғай такси қызметі енгізіледі

Биыл Астанада бірыңғай такси қызметі енгізіледі деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қалалық таксидің жаңа жүйесі заңды қызметті қамтамасыз етеді. Бұл аталған нарықты дамытып, Bus Lane, яғни, автобус жолақтарына кедергі келтірмеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттырады» делінген хабарламада.

Астана әкімдігінің айтуынша, такси көліктері бір түсті болып, бірдей жабдықталады. Сондай-ақ пластикалық картамен pos-терминал арқылы төлеуге мүмкіндік пайда болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Астананың тағы екі көшесіне біржақты жол қозғалысы енгізілген болатын.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *