Қостанай облысында жүкті әйел мен жас бала қар құрсауынан құтқарылды

 
ҚР ТЖК Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қостанай облысы Қарасу ауданындағы Ушаково ауылынан 8 адамды шығару бойынша құтқару операциясын өткізді. Олардың арасында соқырішегін алдыру үшін отаға мұқтаж жас бала және жүкті әйел болған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бала мен жүкті әйелді дереу ауруханаға жеткізу қажет еді, алайда, шалғайда жатқан Ушаково ауылынан шығу жолын қар басып қалған» деп атап өтті баспасөз қызметі. Адамдарды құтқару операциясына жасақтың 7 қызметкері жұмылдырылды. Олар өз жұмысына мүдірмейтін автомашина, қарда жүретін көлік және жүкті әйелді тасымалдау үшін «Газель» көлігін қолданған.
ҚР ТЖК Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидттің айтуынша, құтқару операциясы 15 сағаттан астам уақытқа созылған. «Шығарып салушыларды қосқанда, құтқарушылар 8 адамды көшірді, — делінген хабарламада. — Жүкті әйел Әулиекөл ауылының ауруханасына жеткізілді, ал бала Қостанай қаласындағы облыстық балалар ауруханасына түсті. Дер кезінде көмек көрсетілгендіктен, адамдардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ».

Айта кетейік, қыс басынан бері құтқарушылар қолайсыз ауа райына байланысты Ушаково ауылынан 25 адамды шығарған.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *