Астанаға кіруді ақылы ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ

Астанаға кіру ақылы болатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ақылы кіру бұл қабылданған шешім емес, көлік басқармасының ұсынысы, мәселе әлі талқыланып жатыр. Мұндай ереже қашан енетіні және жалпы, енгізіле ме, жоқ па, әлі шешілген жоқ. Сондықтан бағасы туралы сөз қозғау да қиын» деп жазыпты Жұмабайұлы Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, Астана басшылығы 2017 жылдан бастап қоғамдық ұсыныстарды да тыңдау шешімін қабылдады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер, жобалар талқыға ұсынылады. Алғашқы отырыс қоғамдық көлік мәселесіне арналды, онда саланы дамыту бағдарламасы ұсынылды.

Еске салайық, мұның алдында биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі кезінде кіру ақылы болатыны хабарланған еді.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *