Алдағы күндері аяз болады

Синоптиктер 2017 жылғы 17-19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, антициклон ауа райына ықпал етеді. «Қазақстанға қарай ығысқан антициклон алдағы тәуліктерде өз ықпалын әлі сақтайды. Республиканың көптеген облысында жауын-шашынсыз бір қалыпты аяз күтілуде, кей жерлерде ауа температурасы шамамен нормадан 1-2 градус төмен болады деп болжанады» делінген хабарламада.

Алайда, тек батыс пен оңтүстікте, атмосфералық фронттардың жақындауымен 18 және 19 қаңтарда кей жерлерде қар жауып, тұман басып, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *