Алимент төлей алмайтындарға әкімдік жұмыс ұсынады

Астанада алимент төлемей жүргендерге жалақысы 100-200 мың теңге аралығында болатын жұмыс ұсынылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Бұл бастаманы астаналық құрылыс компаниялары қолдап отыр.

Осылайша, алимент төлемеген 700 борышкерді қызметке алу ұсынылды. Борышкерлерді жұмысқа қабылдау процедурасы басталып та қойыпты. Олардың жалақылары 100 мың мен 200 мың теңге шамасында болмақ. Бұл шара «Балаңды есіңе ал — алимент төле» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірдің өзінде 300-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылыпты. Сондай-ақ тағы 9 адам қызметке орналасу үшін қажетті құжаттарды жинап жатыр, 10 адам компаниялардың жауабын күтіп отыр екен.

«Жобаның мақсаты — жұмыссыздарды қызметке орналастыру арқылы алимент төлемейтіндердің санын азайту. Жұмыспен қамту басқармасында қызмет істеуге ниет танытқан жұмыссыз борышкерлердің (білікті электриктер, сантехниктер, экономистер мен заңгерлер) тізімін әзірледі» дейді елорда әкімдігіндегілер.

«Әділет департаменті ғимаратындағы жұмыс тобы күн сайын тұрғындарды қабылдап, борышкерлердің мекен-жайлары бойынша рейд жүргізеді. Сондай-ақ қарызын төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру шаралары ұйымдастырылады. Борышкерлерден 23 миллион теңгеден астам қаржы өндіріп алынды, кәмелеттік жасқа толмаған балаларына берілді, 45-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *