Дариға Назарбаеваға Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік жағдайы баяндалды

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары жайлы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуді ашқан Дариға Назарбаева ақпараттық қауіпсіздік, жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Ақпарат және коммуникация министрінің орынбасары Алан Әжібаев Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі қорытындылары туралы депутаттарды хабардар етті. Атап айтқанда, ол технология мен телекоммуникацияны дамытудың ахуалына, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бұқаралық ақпарат құралдарында отандық өнімді арттыруға, сондай-ақ, нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіруге тоқталды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дмитрий Голобурда ақпарат саласындағы маңызды қауіптерге қарсы мекеменің іс-қимылы жөніндегі алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі. Талқылауға сенаторлар — Мұхтар Алтынбаев, Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Серік Жақсыбеков, Георгий Ким қатысты.

Сондай-ақ пікірталас барысында алдағы кезеңде осы саланы реттеуге арналған стратегиялық құжаттарды әзірлеу мәселелері көтерілді. Депутаттар ақпараттық қауіпсіздік саласын технологиялық тұрғыда және мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, осы мәселедегі мекеме аралық өзара іс-қимылдың кейбір мәселелеріне назар аударды.

Кездесудің соңында комитет төрағасы Дариға Назарбаева талқылау нәтижесі бойынша әзірленген ұсыныстар Үкіметке жіберілетінін, сондай-ақ, заң шығару жұмыстарында ескерілетінін атап өтті.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *