Былтыр елімізде 51 775 отбасы ажырасып кеткен

2016 жылы Қазақстанда 140 840 неке тіркелген. Дегенмен, осы бір жыл ішінде 51 775 отбасы ажырасып кеткен (140 840 некенің емес, жалпы алғанда ажырасқандар). Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.

Былтыр ОҚО 21 344 неке қиылып, 5067 отбасы ажырап кеткен. Ажырасу саны бойынша Алматы (5 963), Алматы облысы (5 137), ОҚО (5067), Қарағанды облысы (5 055) және ШҚО (4859) өңірлері алдыңғы орында. Сондай-ақ ақпаратта ажырасулар статистикасы бірнеше жылдан бері жақсармай тұрғаны айтылған. Бұдан бөлек жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың өндірісінде алиментке қатысты 191 000 сот актісі бар екені айтылған. 2016 жылғы отбасын құру мен ажырасулар саны өңірлер бойынша төмендегідей:

2016 ж. Үйленгендер/ ажырасқандар

АСТАНА Қ. 11 299/ 3 693

АЛМАТЫ Қ. 16 645/ 5 693

Ақмола облысы 4859/2391

Ақтөбе облысы 6 749/ 2 450

Алматы облысы 15 374/ 5 137

Атырау облысы 4 891/ 1 424

Шығыс Қазақстан облысы 10 231/ 4 869

Жамбыл облысы 8 067/ 2 471

Батыс Қазақстан облысы 5 030/ 1829

Қарағанды облысы 10 737/ 5 055

Қостанай облысы 5 627/ 3 125

Қызылорда облысы 5656/1 822

Маңғыстау облысы 5 590/ 1 470

Павлодар облысы 5 173/ 2 958

Солтүстік Қазақстан облысы 3568/ 2 051

Оңтүстік Қазақстан облысы 21 344/5067

baq.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *