Елімізде күн сайын мыңнан астам сәби дүниеге келеді

Өткен жылы Қазақстанда сәби өлімі 11,6 пайызға азайып, туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3 пайызға өсті деп хабарлайды Baq.kz.

Көп жағдайда сәби өліміне перинаталдық кезеңдегі асқыну себеп болады. Сонымен бірге 1 жасқа дейінгі балалар дамудың туабітті ақаулары, тыныс алу және қан айналым органдарының сырқаттануы себепті де қайтыс болады.

Республикада күн сайын мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3 пайызға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан да кем тартатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 грамға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі және өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тәжірибеге үнемді, қолжетімді, қарапайым, халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтімді, балалық жас ауруларды біріктіріп қарастыруды нығайту мен жетілдіру шаралары басталды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің барлық өңірінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде.

Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.

Дамудың туа бітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.

Туабітті жүрек-қантамырлар жүйесі кемістігін түзету бойынша түбегейлі хирургиялық оталар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда нәрестелерге «ашық жүрекке» ота жасалуда, сонымен қатар, жүрек кемістігін интервенциалды, аз инвазивті тәсілдермен түзету шаралары іске асырылуда.

Айта кету керек, ана мен сәби денсаулығы еліміздің демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетінің негізін қалыптастырады. Сондықтан да ана мен бала денсаулығын қорғау республикадағы денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

baq.kz

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *