Қостанай облысында өзіне қол салатындар көбейген

Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда өңірде суицидтік оқиғалар 27 пайызға азайған, яғни 149 өзіне қол жұмсамақ әрекет, 83 өліммен аяқталған суицид тіркелген деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов Рудный қаласында өткен жылы 13 өзіне қол жұмсау оқиғасы болғанын, бірақ алдыңғы уақыттармен салыстырғанда екі есе азайғанын айтты. Бұл — жастармен жүргізілген жақсы жұмыстың нәтижесі. Қай қалада, ауданда суицидке бейім адамдармен жұмыс нашар жүргізілсе, сол жерде өзіне қол жұмсағандар қатары да арта түскен.

Облыстық әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен жылы өліммен аяқталған суицидтің Қостанай қаласында – 30, Арқалықта – 32, өзіне қол жұмсау әрекетінің 37 пайызға өскендігін айтты.

Сонымен қатар өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандар Алтынсарин ауданында – 67, Әулиекөл ауданында – 50, Қамысты ауданында – 100 пайызға өскен. Қарабалық ауданында өзіне қол жұмсап өлгендердің қатары 33 пайызға, Меңдіғара ауданында – 50, Ұзынкөл ауданында – 22 пайызға өскен, ал өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендер – 23 пайызға көбейген.

Ұзынкөл ауданы әкімі Қанат Сәрсенбаевтың айтуынша, суицид ауданға сырттан келгендер арасында жиілеген.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

egemen.kz

Түпнұсқадағы тақырып: Қостанай облысында былтыр 232 суицидтік оқиға тіркелген

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *