Қостанай облысында 24 мың адам баспана кезегінде тұр

Өткен жылы облыста салынған тұрғын үй құрылысы 5 пайызға артық орындалды. 195 мың шаршы метр пәтер пайдалануға беріліп, 1700 отбасы қоныс тойын тойлады. Алайда, облыс бойынша 24 адам адам пәтер кезегіне тұрғанын ескере кеткен жөн. Облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов алдағы бес жылда пәтер кезегін айтарлықтай қысқарту керектігін айтты деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

«Өңірді дамыту бағдарламасы аясында облыс орталығында өткен жылы жалға беретін 2 үй несиеге салынды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша облыс әкімдігінің құнды қағаздарды орналастыру және қосымша қаржы тарту жолымен атқарған жұмысының арқасында 9 үйдің құрылысы басталды. Қостанай қаласында – 7, Қостанай ауданында 2 үй салынады, 37,5 мың шаршы метр. Оның ішінде 8 үйдің құрылысы биыл бітеді» деді облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова.

Мұның сыртында «Байтерек» Ұлттық холдингімен бірлесіп 46 мың шаршы метр болатын үй салынып, оның да құрылысы осы жылы аяқталады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *