Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер басталды

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, келіссөздер елордадағы Rixos President Astana мейманханасында жабық тәртіпте өтіп жатыр.

Сондай-ақ осыған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сирия бойынша БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистурамен кездескені хабарланған болатын.

«Мен Астанада өтетін келісөздер бойынша Ресей, Түркия және Иран президенттерінің ұсыныстарын қабылдадым. Біз осы кездесудің сәтті болғанын қалаймыз. Себебі, Қазақстан кездесуге қатысушылардың барлығымен сенімді қарым-қатынаста және меніңше, келіссөздерді өткізу үшін барлық жағдай жасалады» деген еді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Н.Назарбаев Путинмен Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерді талқылаған болатын. «Астанада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді өткізуге қатысты мәселелер, сондай-ақ, Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Санкт-Петербургте өткізген саммиттерінің қорытындысы талқыланды» делінген Кремльдің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *