Астанада үй бағасы арзандап жатыр

Астанада ұсыныстың орташа бағасы 1088 $/шаршы метр немесе 360 мың тг/шаршы метр деңгейінде сақталуда деп жазады kn.kz. Нарықтағы барлық сегментте арзандау бар.

Елорданың қайталама нарығына жасалған зерттеу қорытындысы бойынша, 16-22 қаңтар аралығында теңгемен белгіленген баға 1,26 пайызға азайып, доллармен қойылған баға 1,04 пайыз қымбаттаған.

Астанада үй алу қазіргі таңда орташа есеппен 26 339 000 теңге тұрады. Жеті күн ішінде бұл көрсеткіш 1,99 пайызға арзандады. Ең қымбат деген үйлер шаршы метріне 491 мың теңге болса, ең арзандарының шаршы метрі 262 мың теңге.

Сарапшылардың пікірінше, 2017 жылы баспана бағасы арзандауы тиіс.

kn.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *