Елжан Біртанов — ҚР Денсаулық сақтау министрі, Тамара Дүйсенова — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі болып бөлініп, қос ведомствоның басшылары тағайындалды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Елбасының Жарлығымен Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.
Тамара Босымбекқызы 1965 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысында туған, ұлты — қазақ, жоғары білімді, 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы — инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1988 — 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді; 1992-1993 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары — «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары — Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары — Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999- 2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице — министрі; 2006 — 2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 — 2013 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013 жылғы 10 маусымнан бастап — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 27 маусымнан бастап — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ал 2014 жылғы 6 тамыздан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
Елжан Амантайұлы 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресей дипломнан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fugua School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірді. Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2014 жылғы мамырдан бастап — Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы. 2015 жылғы 12 қарашадан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы.
tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

8 пікір

  1. Сəлеметсіздерме!Астана қаласының нөмірі 1 -ші қалалық балалар ауруханасындағы «бахила» бағасы 30теңге.Емделушінің (туыс,жақынымыздың) қал жағдайын білуіміз үшін əр кірген кезімізде «бахиланы»30теңгеге сатып алудамыз.Денсаулық министрі осы жағдайды ескерсеңіздер.!Бір рет пайдаланатын «бахиланы» осылай сатып ала беремізба.?!Мемлекеттен «бахилаға» қаржы бөлінгенін қалаймыз!рахмет

  2. Мен Матаева Дина бүгін таңғы сағ 04:00 де
    # 2 Калалык ауруғанаға травм пунктке 4 жасар баламмен бұғана сүйегі сынып жедел жəрдеммен бардық.Сондағы кезекші травматолог дəрігерді кабылдау бөліміндегі медбикелердің 3 рет шақыруынан кейін келіп қарады,баламда не жағдай болғанын айтып түсіндірмей кетіп калду.Артынан кайта барып сұрағанымда дөрекі сөйлеп,шағымданамын деген сөзіме «қайда барсаңыз орда барыңыз «деп бөлмесіне кіріп кетті .Дезо таңбасын салуға медбикелер ,»мен тамақ ішкенім жоқ ,сен салда сен сал»деп бір біріне сілтеп 30 минуттай кутіп отырдым.Біртанов Елжан мырза Қазақсан Республикасында медицина саласының сапасын жақсарту үшін, Ел орда қаласында осындай дәрігермен медбикелердің санын азайту мақсатында кандайда бір жаза қолдансаңыз екен.Алдын ала Рахмет.

  3. Маржан

    Курметты Казакстан Республикасынын денсаулық министері Ержан Міртанов және Тамара Дүйсенова Мен Кожамжарова Маржан ауылдагы жай мугалім ретінде комек сұраймын. Менің агам Кожамжаров Әмірбек казіргі кезде ауырғанына 4 — 5 ай болып қалды. Казіргі кезде 57 анализден басқа не нәтиже жоқ ауруханада қабылдамайды. Аурудың диогнозы әлі табылған жоқ. Сіздергеде анализдердің қағаздарын жіберу арқылы көмек сұраймын.

  4. жазира

    салеметсизбе? мен алматы каласында 2-ши поликлиникада тиркелген жукти келиншекпин. мендеги маселе платный анализ. 2 анализдин 1-и платный. себеп:бизде ондай бесплатный анализ жок или алы келмеди дит. халык санын кобейту ушин осындай маселелердин алдын алып жагдай жасасаныздар екен деймин

  5. Саламатсіз бе?менің білгім келгені жаңа туған балаларға берілетін смес жайлы еді.Егіз бала.0501.2018жылы туған балаларға алалмай отырмын.Себебін өкімет ақша бөлмеді дейді.Жылдың ортасы болды қашан бөлінеді екен.

  6. Сəлеметсіз бе?! Біз Астана қаласының номері 9-шы емханасына қарастымыз. Мен баламды 1 жастық тексерілістен өткізуім керек еді, ал осы емханада оториноларинголог, офтальмолог, невропатолог, узи балалардың т.б. мамандар жоқ. Қашан осы емханада мамандар болады екен????

  7. Саламатсиз бе? Курметти Казакстан Республикасынын денсаулык министри Елжан Биртанов мырза мен Шу каласына хабарласып отырмын. Мен сизден комек сурагалы отырмын. Мен осыга дейн 9 курсак котердим сонын 8 курсакгы 5-6 аптасында оли тусик тастадым. Мен Шу каласы емханасына карастымын. Осыга дейн маган емхана кызметшилери ешкандай комек бере алмады. Колдарынан келмесе жогаргы жакка ягни квота аркылы емделуге де жагдай жасамады. Емхана басшысынын алдына осы жагдайменен бирнеше рет жагдайымды айтып кирдим. Ешкендай озгерис жок. Мен 05.07.2018 жыл тагы тусикпенен больницадан шыктым. Маган емделуге Алматы каласындагы акушер гинекология институтына емделуге мумкиндик берсе екен Шу калалык емхана кызметшилери. Сиз осы суракка жауап берсениз Отиниш!

  8. Санта Алимжанова

    Саламатсызба Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министірі Елжан Біртанов мырза.Анамыз Алимжанова Светкул Молдашовна Жамбыл облысы,Меркі ауданы,Ақтоған ауылының тұрғыны. 11 Ақпан 2019жылы Меркі ауданында Көктеубаев Ұлан Жолдасбекович,Сабыров Ғалымжан Бошкаеаичтің қатысуымен өтіне ота жасатты.20.02.2019ж ауруханадан шығарылды.Алайда отадан кеиін оңалмады.Қайтадан дәрігерге қаралдық, олар жағдайларыңыз жақсы деп қайтарып жіберді. Барар жеріміз болмағанан кейін Қырғызтан Республикасы.Бишкек қаласына қараттық.Әліде жағыдайы оңалмай тұр.Сізден бізге көмектесуіңізді сұраймын. Дәрігерлердің салғырттығынан жағыдайы оңалмай жатыр.Диагнозын дұрыс қоя алмай жатыр. Жауапты дәрігер : Есембекова Баян Шымалиевна.
    Арызданушы: Турпанов Аспандияр Рахатбаевич.
    Тел:87025475747,87023974605

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *