Крис ЮБЕНК: Мен Головкиннің күшінен қорықпаймын!

Ұлыбританиялық боксшы кіші Крис Юбенк (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) тағы да қарсы шықты деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, ол болашақта Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондай-ақ, ұлыбританиялық боксшы осы жекпе-жекте неліктен жеңіске жететініне сенімді екенін айтып берді.

«Мен Головкинді ұрып-соға алатынымды білемін. Ол тек жұдырықтың күшімен әрекет ете алады. Мен мансап жолымда ауыр салмақтағы боксшылармен спарринг өткіздім, мықты боксшылармен жұдырықтастым. Головкин осылай ешкіммен де жекпе-жек өткізген жоқ. Мені оның күшімен қорқыту мүмкін емес» деді ұлыбританиялық боксшы.

Сондай-ақ кіші Юбенк Головкиннің соққыларды өткізіп алатынын айтты. «Меніңше, бокста ең маңыздысы — соққыға алу және өзінді ұруға жол бермеу. Бұл — менің философиям» деді боксшы FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

 

Vesti.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *