Биыл 8 мың ұстаз ағылшын тілі курсына барады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытамыз деген болатын. Мемлекет басшысы «бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет» деген еді.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысынан кейін ҚазАқпарат тілшісінің осы мәселеге қатысты сұрағына жауап берді.

«Бұл мәселені бес жылдан бері талқылап келеміз. Биыл сегіз мың мұғалім ағылшын тілі курсына барады. Содан соң нәтижесін көріп, бір шешімге келеміз. Ағылшын тіліне кезең-кезеңмен көшу керек. Алдымызда екі жыл бар, екі жылды ішінде зерттеу жасап, мұғалімдермен сөйлесеміз» деді Е.Сағадиев.

inform.kz

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *