Еліміздегі еңбекпен қамту орталықтары реформаланатын болады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдіктерге еңбекпен қамту орталықтарын реформалауды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент еңбек нарығын жаңғырту керек деген кешенді міндет қойды. Жаңа технологиядардың енуімен еңбек ресурстары босап қалады. Бұл жерде жүйе құрушы кәсіпорындармен байланыс орнату керек. Әкімдерге жергілікті ірі кәсіпорындармен бірге жол картасын әзірлеуді тапсырамын» деді Б.Сағынтаев Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы, сондай-ақ, еліміздегі еңбекпен қамту орталықтарының барлығын реформалау керек деген міндетті алға тартты.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесе отырып, еңбекпен қамту орталықтарын реформалауды тапсырамын және де бүкіл бос жұмыс орындарын бір онлайн-платформаға біріктіру керек» деді Б.Сағынтаев Үкімет отырысында.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *