Димаш бұл жолы 3-орынды иеленді

 

 

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауының төртінші кезеңінде үшінші орын иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бірінші орынды «Сяо Цзиньтэн Шицзы» («Lion») тобы алса, екінші орынды Линь Илянь иеленді. Үздік үштікті Димаш Құдайберген түйіндеді. Төртінші – Ду Лиша, бесінші – Чжан Цзе, алтыншы – Тань Цзин (үшінші кезеңде бірінші орын алған болатын) және жетінші – Чжао Лэй.

«Weibo» әлеуметтік желісіндегі Димаштың жұмыс тобының парақшасында байқаудың 4-кезеңіндегі суреттер жарияланды.

Бұған дейін «Синьхуа» агенттігі байқаудың 4-кезеңінде Димаштың қытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап бергенін хабарлаған болатын.

Мәліметтер бойынша, «I am a singer» байқауының төртінші кезеңі 2 ақпан күні жазылған еді. Ол телеарналардан 11 ақпан күні Астана уақытымен сағат 20:30-да көрсетіледі. Димаштың бұл кезең үшін таңдаған «Күзгі мұң» әнін 2013 жылы «I am a singer» байқауында қытайлық әнші Ша Баолян орындаған болатын. Кеше қазақстандық жас талант иесінің анасы Светлана Айтбаева оның аталмыш байқау барысында қазақ тілінде де ән айтатынын жеткізді.

Айта кетейік, Димаш жарыстың алғашқы екі кезеңінде «SOS d’un terrien en détresse» және «Опера 2» әндерін орындап бірінші орын алған. Ал үшінші айналымда «Show must go on» туындысын шырқап, үшінші орынға ие болған.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *