Қостанай облысында тұрғын үйден граната табылды

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпанда Қарабалық ауданы Елшанов ауылында жарылғыш зат табылған деп хабарлайды Alau.kz.

55 жастағы үй иесі гранатаға ұқсас затты шкафынан тапқан.

«Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы шаралар барысында, күдікті заттың жаяу әскерге қарсы қорғаныс үшін қолданылатын Ф-1 гранатасы екені анықталған. Оның сырты коррозияға ұшыраған. Ф-1 гранатасын ІІД қызметкерлері қауіпсіз жерде жарып, көзін жойды» делінген  ведомство баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Портал мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *