Елімізде ет бағасы неге қымбаттап кетті?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Меніңше, ет бағасы күрт өсті. Біріншіден, сұраныс артты, одан кейін ауа райы әсер етті. Боран болды. Көтерме базарларда ет жетіспеген кезде саудагерлер бағаны көтереді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бағаны көтермейді, көтеретін алып-сатарлар» деді Қ.Айтуғанов Сенат депутаттарымен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Вице-министрдің сөзінше, тауық жұмыртқасына қатысты да осындай жағдай болып отыр.

«Өндірушілер бағасы мен саудагерлер қоятын баға түрлі болып келеді. Жеке саудагерлер бағаны көтеріп жібереді», — дейді ол.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *